бойынша жаңалық Түркия

© pixabay.com © pixabay.com
Видео:elements.envato.com Түркия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтын болды Түркия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтын болды. Себебі ол зертханалық тәжірибеге сәйкес келмейді, - деп хабарлайды РИА Новости.
© pixabay.com Түркия министрінің шешімі туристерге қалай әсер етеді? Түркияда қонақүйде тұру және музейді аралау құны көтерілді. Түркияның туризм және мәдениет министрінің шешімімен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап
© Shutterstock "Қолқа қаптырар балшық" және Қазақстандағы ғажайыптың бірі. Әлемдегі ең әдемі қызғылт көлдер Қызғылт көлдердің барлығы бірдей шомылуға жарамайды, бірақ ғажайып фотосуреттер түсіруге таптырмайтын орын. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz
Көрнекі сурет. © shutterstock.com Түркияда ішімдікке сылқия тойған саяхатшы қыздар 80 жастағы қарияны ұрып-соққан Түркияда үш саяхатшы қыз ішімдікді мөлшерінен тыс ішіп, қария мен полицейлерді елдің көзінше ұрып-соққан, - деп хабарлайды Milliyet.
© pixabay.com Түркиядағы коменданттық сағат туристер үшін кедергі келтіруі мүмкін Түркияда коменданттық сағаттың енгізілуі қонақүйлер мен оларға бекітілген жағажайлардың жұмысына ешқандай әсер етпейді, алайда экскурсияларды
© tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Түркияда коронавирусқа байланысты көшеде темекі шегуге тыйым салынды Түркияда коронавирус жұқтыру жағдайлары көбеюіне байланысты көпшілік жүретін көшелерде және қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым
© Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz Қазақстан Түркияға әуерейстер санын қысқартады ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Түркиямен әуе рейстерінің қысқарғаны туралы
© Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz Қазақстандықтар осы күзде қайда демала алады? Карантиннің күшеюіне қарамастан, туристік бағыттар әлі де әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерді күтеді. Демалысқа шыға алған саяхатшылардың
© Shutterstock Қазақстан Түркияға әуерейстерді қысқартады Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Түркиямен әуерейстер қысқарғаны
Сурет www.facebook.com/airastanakazakhstan парақшасынан "Эйр Астана" халықаралық әуерейстер санын қысқартады "Эйр Астана" 2020 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес Түркия, БАӘ, Украина және
© pixabay.com Түркия Қысқаша мәлімет
© Shutterstock 27 тамыздан бастап қазақстандықтар Түркияға бара алады 2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне салынған шектеулер алып тасталады. Бұл туралы Азаматтық
© tourdom.ru Коронавирус: Түркия демалыс орындарына қатысты мәлімдеме жасады Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдің курортты аумағында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА
© Shutterstock Түркияда туристер қонақүйде коронавирусқа тест тапсыра алады Түркиядағы қонақүйлер өз қонақтарына үйге қайтар алдында COVID-19-ға тест тапсыру мүмкіндігін ұсынады. Бұл туристерге үйге оралғаннан кейін
pixabay.com Түркия туристер үшін жаңа ережелер енгізді Түркияда коронавирус жұқтырған жолаушылармен байланыста болған туристерді карантинге жатқызбайтын болды. Бұл туралы "Вестник АТОР" мәлімдеді,

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Батыс Азия мен Оңтүстік Еуропа аймағында орналасқан мемлекет
Астанасы: Анкара
Ірі қалалары: Ыстамбұл, Измир, Бурса, Адана, Газиантеп
Жер көлемі: 783 562 шаршы шақырым
Телефон коды: +90
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -3 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+3
Виза: 30 күнге дейін виза қажет емес
Тілі: түрік тілі (80 пайыздан жоғары)
Валютасы: түрік лирасы
Халқы: 2020 жылы 83 154 997 адам, оның ішінде түріктер - 80 пайыз
Діни сенімдері: ислам, 97,8 пайыз мұсылман
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: A және В (Қазақстандыкімен бірдей емес) 50 Гц.

© pixabay.com

Түркияның географиясы мен климаты

Түркия Еуропа (3 пайыз) мен Азияда (97 пайыз) орналасқан мемлекет. Батысы мен шығысы - 1600 шақырым, солтүстігі мен оңтүстігі - 550 шақырым. Солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі орналасқан. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір мен жер асты туннелі Азия мен Еуропа құрлықтарын жалғастырып тұр. 

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолдары. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су жолы жүйесі. Түркияның "Анадолы" деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде орналасқан. 

Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 шақырым, шығысында Армения, Грузия, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Түркия - құрлықтық климат белдеуінде орналасқан тау елі. Ел орталығында климат шұғыл - континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек теңіз жағалауында климат субтропикалық болып келеді. Жерорта мен Эгей теңіздерінде ауа райы өте ыстық. Осы аумақты Жерортатеңіздік климат белдеуі алып жатыр. Жазда ауа температурасы орташа есеппен + 29-31 градусқа барады. Қыста жауын-шашын мол түседі. Ауа температурасы +15 градус. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болуы мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңізі жағалауында орташа температура +18 градус. Эгей теңізінде салқын ауа-райы тек қана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа ылғалдылық - 60 пайыз. Қара теңізде климат қоныржай - теңіздік. Мұнда көп жауын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығысты тропикалық климат белдеуі алып жатыр. Мұнда жауын-шашын өте аз жауады және жыл бойы ыстық болады.

© pixabay.com

Түркия экономикасы

Ел экономикасындағы өнеркәсіп үлесі шамамен 28 пайызды, Ауыл шаруашылығы - 15 пайыз, құрылыс - 6 пайыз, қызмет көрсету саласы - 51 пайызды құрайды. 2018 жылы Түркия экономикалық қуаты бойынша әлемде 18 орынды алды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияда ең төменгі жалақы мөлшері - 2943 түрік лирасы (194 414 теңге).

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібі (84 пайыз, құрылысты қоса алғанда) алда тұр. Тоқыма, былғары, тамақ, химия, фармацевтика салалары, энергетика, металлургия, кеме жасау, автомобиль жасау және электр тұрмыстық тауарлар өндірісі дамыған. Серпінді дамып келе жатқан сала туризм болып табылады. 

Түркия тарихы

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыздардан тараған көшпенді селжұқ тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжұқтар византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжұқтар олардың Кіші Азиядағы, Сирия мен Палестинадағы иеліктерін тартып алды.

Бірақ Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжұқ империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядағы бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады, оның астанасы Конья (бұрынғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдарынан құтылып, Хорасаннан, Сырдария жағасынан Сүлеймен шахтың басшылығымен оғыздардан тараған қайы тайпасы Арменияға, одан кейін, оның баласы Ертұғырыл бейдің кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Конья сұлтаны Ала-ад-дин Кейқубат Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыз қайыларына Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертұғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Конья сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман империясын құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түркия Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 метр, биіктігі 64 метр. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт - азаттық көтерілісі нәтижесінде (1918 - 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.

1982ж қабылданған соңғы Конституциясы бойынша мемлекет басшысы - Президент. Елде көппартиялы сайлау жүйесі енгізілген. Премьер-министр сайлауда ең көп дауыс алған партия арасынан ұсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді.

Ресми тілі - түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлаятқа бөлінген. Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады.

Ұлттық валютасы - түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елімізге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан.

1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезеңде Түркия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұсынды.

1980 жылы болған кезекті әскери төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа Конституция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-90 жылдары ел жедел дами бастады. 1987 жылы Түркия Еуроодақққа мүше болуға тырысқанымен, әртүрлі себептермен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі мемлекетттері мен тығыз байланыс орнатты.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Түркия қаншалықты тартымды?

Теңіз, нұр сәулелі бассейндер, шыжыған күн, тойымды асханасы және ойын-сауық - бұл Туркияға келетін туристердің ең алдымен іздегені. Бірақ дәл осы курорттар елінде әлемнің бірнеше кереметі бар. Оның аумағында антикалық тарих, көптеген ғибадатханалар мен бекіністер ескерткіштері сақталған.

Күн шуақты елдің әрбір қаласында, әсіресе Эгей теңізінің жағалауында сізге өркениеттің бастауына саяхат ұсынылады. Мұнда Афина ғибадатханасы бар аты аңызға айналған Троя, Эфес, Гераклит отаны және ежелгі Пергам қаласы бар. Мұнда әлемнің кереметтері жарияланған орындарға: Артемида храмы, Галикарнас кесенесі. Алайда, соғыстар мен өрттер өз әсерін беріп, осы "ғажайыптардан" тек қана қирандылар қалдырды. Ал Ыстамбулдағы Топқапы сұлтан сарайы бүгінгі күнге дейін сақталған нағыз сәулет кереметі болып қала береді. Сонымен қатар, Түркия - бұл төрт теңіздің жағасында жайлы орналасқан әдемі ел. Басты туристік орталықтардың бірі - "табиғи" сәулет ескерткіші.

Айта кету керек, Алматыдан Түркияға жолдаманың бағасы өзгеше болуы мүмкін, қымбат емес демалыс та, қымбат premium-турларды да табуға болады. Баға сіз тоқтайтын қонақ үй нөміріның санатына және бөлмесіне, сондай-ақ оның географиялық орналасуына байланысты әр алуан болып келеді. Сонымен қатар, тур сатып алу уақыты/маусымы ескерілуі керек.

Сондықтан сіздің демалысыңыз тек қолжетімді емес, сонымен қатар ұмытылмас болуы үшін ерте броньдау қолайлы. Әдетте, теңізге (Түркияға) жолдама жылдың басынан бастап алғашқы бірнеше айда ғана тартымды бағамен сатып алуға болады (ақпан, наурыз, сәуір).

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Егер сіз Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент мегаполистерінен көлікпен Ыстамбұлға шығатын болсаңыз, 5 мың шақырымды жолды бағындыруға және бірнеше елдің шекарасынан басып өтуге тура келеді. Ал Қазақстанның батыс өңіріндегі қалалардан баратын болсаңыз, Каспий теңізі арқылы кемемен, ары қарай Ресей мен Грузия арқылы автобус не пойызбен діттеген жеріңізге жете аласыз. Ең тиімдісі - әе рейстері. Қазақстанның бірнеше қаласынан Түркия астанасына және Ыстамбұлға тікелей рейстері арқылы 5-6 сағатта жетіп барасыз. 

Түркиядағы көлік қозғалысы

Ел аумағында, халықаралық деңгейде және ішкі рейстерді де қамтитын бірнеше әуекомпаниялар бар. Елде 100-ге жуық әуежай жұмыс істейді. Ең ірі әуежайлар: Ататүрік және Сабих Гёкчен(Ыстамбұл), Есенбұға (Анкара). Туристердің көптігінен Түркияда қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған - автобус желісі, такси және метро (1996 жылдан бастап) бар. Сондай-ақ бірнеше порттар, темір жол желісі (оның ішінде бір жылдамдық желісі) және мұнай газ құбыры желілері бар.

Оңтүстік-Батыс Түркия мен туристік орталықтардағы жолдар жоғары сапамен ерекшеленеді. Түркияда жолаушылар автокөлігінің негізгі түрлері - автобустар мен маршруттық такси. Түркияда автобус желісі жақсы дамыған және жол жүру ақысы салыстырмалы түрде жоғары емес. Алайда, шетелдіктерге арналған маршруттық автобустарды пайдалану қиындық тудыруы мүмкін, себебі ондағы жазулардың барлығы тек түрік тілінде жазылған. Түркияда қалааралық автобус тасымалдаумен жеке компаниялар айналысады. Әрбір компанияның автовокзалдарда да, қалалардың туристік және іскерлік орталықтарында да өз кеңселері бар.

Орталықтандырылған автотасымалдау сервисі жоқ. Осылайша, автобус билеттерін сатып алу компанияның кеңселерінде немесе делдалдарда (әдетте жергілікті турфирмада) болуы мүмкін болады. Қала маңындағы рейстерде әдетте маршруттық такси пайдаланылады.

© pixabay.com

Түркияда қайда баруға болады?

Түркияда туризм өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлық небір орындар бар. Ең әйгілі туристік орындар: Ыстамбұл қаласы, Каппадокия қаласы, Эгей теңізі, Жерорта теңізі т.б.

Түркияның туристік орталықтарының бірі тарихи қамалдарымен танымал. Олар: Сұлтанахмет мешіті, Сүлеймен мешіті, Рүстем Паша мешіті, Фатих мешіті, Жаңа мешіт, Михримах сұлтан мешіттері. Сұлтанахмет мешітін 1609-1616 жылдары Мехмет атты сәулетші салған. Негізінен ғимараттар көк мешіт деген атпен танымал. Мешітте 6 мұнара бар. Ыстамбұлдың ең әдемі мешіттерінің бірі 1550-1557 жылдары Синан атты сәулетшінің туындысы Сүлеймен мешіті болып табылады. Мешіттің іші ақ мәрмәрдан жасалған, бағында Сүлеймен сұлтан мен оның жұбайы Роксалананың кесенесі және Осман империясы кезінде өмір сүрген атақты сәулетші Синанның моласы, 4 медресе, медициналық мектеп, түрік моншалары, асхана және кедейлерге арналған пана болатын орындар бар.

Түркия мемлекеті елдегі мұражайлардың санымен және әрқилылығымен танымал. Олар: Әулие София мұражайы, Археологиялық мұражай, Түрік керамикасының мұражайы, Әулие Ирина мұражайы, түрік және ислам мәдениетінің мұражайы, түрік кілем мұражайы, Еретабан қамалының мұражайы, әшекейлер мұражайы, әуе мұражайы, әскери мұражай, Ататүрік үйінің мұражайы, теңіз мұражайы, қалалық мұражай және тағы басқалары.

Ыстамбұл қаласы - Түркия мемлекетінің ең дамыған туристік орталықтарының бірі. Ыстамбұл қаласы дүние жүзіне сан ғасырлық қамалдарымен танымал. Алтын мүйіс және Мәрмәр теңізі қиылысқан жерде ХV - ХІХ ғғ. Осман империясының билігі кезінде Топқапы қамалы салынған. Қамал өте үлкен аумақты алып жатыр және көптеген ғимараттар мен аулалардан тұрады. Бірінші қамалдың ауласында тамаша бақ орналасқан. Екінші қамалдың оң жағында бұрын асхана болған, ал қазір оны хрусталь, күміс және қытай фарфоры қойылған мұражайға айналдырған. Үшінші аулада аудиенциялар, ІІІ Ахметтің кітапханасы, зергерлік бұйымдар мен киімдердің көрмелері орналасқан. Бұл заттарды сұлтандардың отбасы кезінде кигендіктен аса құнды мұра болып табылады.

Әулие София мұражайы - адамзаттың керемет көз тартар туындыларының бірі. Бұл мұражайдың негізін Ұлы Константин құрған. Ал VI ғасырда Юстинианның бұйрығымен қайта жөндеуден өткен. Оның биіктігі 55 метрге, ал диаметрі 31 метрге дейін жетеді. Туристерді бұл мұражай тамаша византиялық әшекейлерімен таң қалдырады.

Ал Анталияға жазда түрлі мемлекеттерден көптеп туристер ағылады. Қыс мезгілінде бұл жерде қысқы ойынға дайындықтар өткізіледі.

Түрік керамикасы мұражайы Мехмет басқыншының бұйрығымен ХV ғасырда салынған. Бұл мұражайда VІІ ғасырдағы ең әдемі керамикалық бұйымдар сақталған. Түрік және Ислам мәдениетінің мұражайы 1524 жылы Сүлеймен сұлтанның резиденциясы ретінде ұлы уәзір Ибраһим Пашаның қолдауымен салынған. Бұл Осман империясының ең танымал тұрғын үй кешендерінің бірі.

Әшекейлер мұражайы V-VІ ғасырда Ұлы Византия императорлардың сарайында әлі күнге дейін сақталған мозайкалы еденімен танымал. Теңіз мұражайы Бешіктас ауданында орналасқан. Бұл мұражайдан сұлтандардың ортағасырлық қайықтарын көруге болады.

Түркия тарихы тереңге жайылған ескерткіштерге толы. Ежелгі кезеңдегі византиялықтардың арбалар жасауға қолданған және қоғамдық өмірлерінің негізгі орталығы болған иппподромнан қазіргі кезде тек үш ескерткіш қалған. Олар Феодосия обелискісі, күміс серпетин және Константин колонналары. Ахмет ІІІ фонтаны Топқапы қамалының алдында орналасқан. Беязыт мұнарасы 1828 жылы ІІ Махмұттың бұйрығымен салынған. Оның биіктігі 85 метрге дейін жетеді. Галат мұнарасы (62 метр) 1348 жылы салынған. Бұл жерде кешке туристерге романтикалық кештер ұсынылады.

Қыз мұнарасы Қыз Күлесі деген атпен танымал. Бұл - Ыстамбұлдың ең романтикалық орындарының бірі. Ол ХІІ ғасырда салынған.

Сонымен қатар, Түркия әлемге экологиялық таза курорттарымен танымал. Түркия мемлекетіндегі танымал курорттардың қатарына Анталия, Кушадасы, Кемер, Алания, Белек, Мармарис, Бодрумды жатқызуға болады. Түркия курорттарында туристер жоғарғы дәрежеде демалып қана қоймай, сонымен қатар, керемет көңіл көтерулеріне болады.

Памуккале - түрік тілінен аударғанда "Мақта қамалы" дегенді білдіреді. Осы жерде құрамында кальций бар ыстық бұлақ көздерінің көмегімен ақ тау массивтері пайда болған. Туристер тамаша ақ массивті тауларды тамашалап қана қоймай, "Клеопатра хауызында" шомылады. Бұл жерде көптеген сауықтыру орталықтары бар.

© pixabay.com

Түркия асханасы

Кез-келген елдің асханасы - тұтас философия. Бұл бірнеше сағат бойы әзірленетін тамақ дайындау рәсімі. Түркияда бұдан кенде емес. 

Түрік асханасының ерекшеліктері. Оны ислам елдерінің кавказдық және Балқан тағамдарының қоспасы бар дәстүрлі ұлттық тағамдар. Сонымен қатар, ол өзінің дәмі мен құпиясына ие. Көбінесе тамақтар ашық отта - мангалада немесе вертельде (айналдыру) дайындалады. Дәмдеуіштер қосылады.

Түркияда таңғы ас нағыз мейрам сияқты көрінеді. "Тигкіѕһ breakfast" дәстүрлі таңғы жиынтықты қамтиды: зәйтүн, қуырылған шұжық, үй ірімшігі, жұмыртқа. Сирек көкөністер, тосаппен шексіз шәй беріледі. Түркия - мұсылмандық ел, өз ұстанымдары мен ережелері бар екенін ескере отырып, есіңізде болсын, мұнда шошқа еті тыйым салынған. Егер кенеттен сізге "сорпа ішуді" ұсынатын болса, онда қатты таңданбаңыз. Түрік сорпасы өте ерекше. Бұл пюреде ұсақталған ингредиенттердің кейбір субстанциясы. 

Кебаб. Түріктер осы ет тағамының көптеген нұсқаларын ойлап тапты. Ең танымалдары:
Донер-кебаб. Алдымен ет отта қуырылады. Кейін оны жұқа кесектерге бөліп турайды. Пияз, қызанақ және салат жапырағы қосылады. Барлық дәмдеуіштер жақсы себіледі, тұздық қосады және лавашқа орайды.
Адана-кебаб. Фарш мангалды плитада қуырылады және көкөністермен, күріш, көксөкпен және лавашпен бірге беріледі.
Ескендір-кебаб. Жұқалап  қуырылған ет кесектерін көкөністермен және жасыл бұршақпен қосады. Дайын тағамдар лавашпен, дәмді йогурт-қызанақ тұздығымен беріледі.

Балық. Түркия Қара, Жерорта теңізі, Эгей және мәрмәр теңіздерінің тұзды суларының ортасында орналасуына байланысты теңіз державасы екенін ескере отырып, бұл жерде теңіз өнімдерінен керемет тағамдар дайындалады. 

Хумус. Паштетке ұқсас. Оны дайындау үшін бұршақ - нұт және күнжіт тұқымынан алынатын тахин пастасы сияқты ингредиенттер қажет. Оған зәйтүн майын, лимон шырынын және бірнеше сарымсақ қосады. Хумус тек суық тағам ретінде қолданылады.

Лукум. Бұл қант шәрбаты бірнеше жүз жыл бұрын пайда болды. Сол кезде сұлтанның аулалық аспаздары қызғылт жапырақтары бар жаңа десертті ойлап тапты. Заманауи кондитерлер әртүрлі жаңғақтар мен кокос қосады.

Пахлава қабатты қамырдың жұқа тілімдерінен дайындалған ең танымал жергілікті тәтті болып саналады. Әрбір кептірілген тілім сұйық балдан жасалған сироппен жақсы сіңгеннен кейін әртүрлі жаңғақ себеді. Пахлаваны әр бұрышта сатады, бірақ ең балғынын кондитерлік дүкендерден іздеу керек, онда оны өлшеп сатады.

Кофе. Жергілікті тұрғындар кофе ішуді ұнатады. Оны джезвада (туркада) қайнатады, кішкентай шыныаяқтарда хош иісті сұйықтықты береді. Содан кейін ащы дәмді кетіру үшін бір стақан салқын су ішіңіз.

Шай. Хош иісті, ауыз қуыратын шайды жергілікті халық жиі ішеді. Олар өздері шығарған шайды ғана мойындайды. Қара шайды қайнату үшін өзара бөлінген екі секциядан тұратын арнайы екі деңгейлі шәйнек қолданылады. Жоғарғы бөлігінде шай жапырақтары салынады, ал төменгі жағында ыстық су құйылады. Шәйнек плитаға жарты сағатқа дейін қойылады. Дайын ыстық сұйықтық кішкентай стакандарға құйылады. Бір отырғанда түріктер кем дегенде 5 шыныаяқ сусын ішуі мүмкін.

Айран. Қышқыл ашыған сүт, әдетте, түскі және кешкі ас кезінде беріледі. 

© pixabay.com

Түркиядағы қауіпсіздік

Түркия - өз азаматтарын, сондай-ақ шетелдік қонақтарын қорғау үшін әрдайым мардымды шаралар қолданып, осы мәселені басты назарға қойған еткен ел. Айтпақшы, Батыс елдерінде Түркияға сапар қазір қауіпті деп саналмайды. Шетелдік дипломатиялық ведомстволар өз азаматтарына тек Сириямен шекарадағы аймақтарға барудан бас тартуды ұсынады. Қала көшелеріндегі жағдай тұтастай тыныш, ешқандай бейберекетсіздік сезілмейді.

Рас, бұрын іздесең таба алмайтын полиция қызметкерлері көбейген. Түркия тарапымен қабылданған қауіпсіздік шаралары төмендегідей:

Жергілікті полицияның жылжымалы бекеттерінің саны айтарлықтай артты. Тіпті бұл жағынан байқалмаған болса да, әрбір машинаны мұқият қарайды. Жүргізушіде құжаттарды тексереді, салонды көзбен шолып қарайды, сондай-ақ жүксалғыштың ішіндегісін зерделейді;
Туристер демалатын жерлерде полицейлердің саны 10 000 адамға көбейді. Олардың көпшілігі арнайы формада патрульдейді. Бұл демалушыларды алаңдатпауға және қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдардың назарын аудартпауға мүмкіндік береді;
Арнайы қызметтердің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды, ақпарат беру және түрлі қатерлерге жедел ден қою тетіктері жетілдірілді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная