Қазақстан Түркияға әуерейстер санын қысқартады

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Түркиямен әуе рейстерінің қысқарғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Мемлекеттік шекараға қатысты шектеу шаралары ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ВАК кеңесінде қабылданды. Енді Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері; Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер шекараны 90 тәулікте бір реттен артық кесіп өте алмайды (бұрын 30 тәулік болған).

Сондай-ақ, 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұру 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды. Ал 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ҚХР мен Үндістаннан транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз болуы тоқтатылды. 9 қарашадан бастап Түркияға және кері ұшу саны аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарды.