© tourdom.ru © tourdom.ru

Коронавирус: Түркия демалыс орындарына қатысты мәлімдеме жасады


Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдің курортты аумағында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Курортты аумақта індет өршіген жоқ. Ондай мәселе де жоқ. Біз Анкара, Ыстамбұл, Конье, Диярбакыр, Газиантеп сынды ірі қалаларда ауру жұқтырғандар саны өскенін көріп отырмыз", - дейді министрлік өкілі.
 
Ол Анталья провинциясындағы коронавирус статистикасына тоқталды. Онда соңғы аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 70-тен 59-ге азайған. Анталья Жерорта теңізі аумағында орналасқан.

Осыған дейін ресейлік БАҚ Түркияда коронавирус індеті өршіп тұрғанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы әлемде 18 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырғанын, 691 мыңнан аса адам аурудан көз жұмғанын хабарлайды.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды