Түркияда туристер қонақүйде коронавирусқа тест тапсыра алады

Түркиядағы қонақүйлер өз қонақтарына үйге қайтар алдында COVID-19-ға тест тапсыру мүмкіндігін ұсынады. Бұл туристерге үйге оралғаннан кейін коронавирусты анықтайтын тесттен өтпеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Turizm Gunlugu сайтына сілтеме жасап.

Түркия Денсаулық сақтау Министрлігінің қаулысына сәйкес, Түркиядағы қонақүйлерге демалуға келгендер өз қалауы бойынша қонақүйде немесе әуежайда COVID-19-ға тест тапсыра алады. Тест құны - 30 еуро (14 805 теңге). Ал тестті арнайы зертханаларда тапсыру арзанырақ болады. Мысалы, Анталияда осындай үш зертхана қызмет көрсетеді. Бағасы - 110 түрік лирасы (6 628 теңге). Тест тапсыру үшін сіз қонақүй әкімшілігіне немесе турфирманың басшылығына жүгінуіңіз керек. Тест үйге оралудан 48 сағат бұрын тапсырылады. Тест COVID-19-ға оң нәтиже көрсеткен жағдайда, сіз тоқтаған қонақүй әкімшілігіне хабарлау қажет, ал әуежайда екі тілде (біреуі түрік тілінде) жазбаша ақпарат сұрайды.

Сонымен бірге, Түркия денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожаның айтуынша, Түркия курорттарында Ресеймен шекара ашылғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен.
"Біз осы ұзақ уақыт ішінде бізде жұқтырғандар санының күрт өскенін бірінші рет көріп отырмыз", - деп жазды министр Twitter парақшасында.

Түркия туристер үшін жаңа ережелер енгізді

Министрдің хабарлауынша, 4 тамызда елде 1083 жаңа жұқтырғандар саны анықталған. Сол күні 18 адам қайтыс болып, ал 994 адам жазылып шыққан. Сонымен қатар, министр Стамбул мен Измирде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі өткенін, бірақ коронавирустық инфекциялар толқыны әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.
Оның алдында белгілі болғандай, егер елге ұшып келген рейсте COVID-19 белгілері бар (жоғары температура, жөтел және т.б.) науқас анықталса, оған ПЦР әдісімен экспресс-тест тапсыру ұсынылады. Туристтер үшін тест тапсыру тегін. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы қажетті тексеруден өтіп, ем қабылдау үшін мемлекеттік емханаға жіберіледі. Онымен байланыста болған жолаушыларды карантинге жатқызбайды.