"Қолқа қаптырар балшық" және Қазақстандағы ғажайыптың бірі. Әлемдегі ең әдемі қызғылт көлдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Қызғылт көлдердің барлығы бірдей шомылуға жарамайды, бірақ ғажайып фотосуреттер түсіруге таптырмайтын орын. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристер мен табиғат сұлулығын сүюшілерге ерекше әдемі табиғат құбылысы туралы баяндайды.


Қызғылт көлдердің барлығы бірдей шомылуға жарамайды, бірақ ғажайып фотосуреттер түсіруге таптырмайтын орын. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристер мен табиғат сұлулығын сүюшілерге ерекше әдемі табиғат құбылысы туралы баяндайды.

Рейтинг The Guardian, Daily Mail, VOGUE және "Сегодня" порталдарының ақпараты негізінде дайындалды. 

Хиллер көлі, Аустралия

Тығыз эвкалипт орманмен қоршалған ашық қызғылт Хиллер тұзды көлі Батыс Аустралия жағалауындағы Решерш архипелагының Миддл аралында орналасқан. Оның ұзындығы 600 метр. Хиллер көлі 1802 жылы ашылды. Содан бері ғалымдар судың ерекше түсінің себебін табуға тырысты. Миддл аралы мен Хиллер көлін британдық теңізші Мэттью Флиндерс ашты.

XX ғасырдың басында Хиллер көлінде тұз өндірілді. Алайда, өндіріс алты жылдан кейін тоқтатылды, өйткені бұл пайдасыз болып шықты. 1950 жылы бұл көлге зерттеулер жүргізілді. Көлге қызғылт түсті балдырлар бөліп шығаратыны белгілі болды. Алайда, ғалымдар олардың Хиллер көлінде жоқ екенін анықтады. Басқа болжамдарға сәйкес, көлге арнайы минералдар қызғылт түс береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Neobicna_mjesta (@neobicna_mjesta)

2013 жылы аустралиялық микробиолог Кен МакГраф көлге қызығушылық танытты. Ол eXtreme Microbiome зерттеу жобасы аясында экспедицияға аттанды. Экспедиция мүшелері суға галобактериялар (Halobacteriaceae) және онымен байланысты микроорганизмдер қызғылт түс беретінін анықтай алды. Бұл микроорганизмдер адамдар үшін қауіпсіз, ал көлге шомылу адам денсаулығына зиян келтірмейді.

Көлге негізінен әуе жолымен жетуге болады. Миддл аралының сұлулығын биіктен тамашалаған жөн. Перт қаласына ұшатын кейбір рейстердің жолаушылары бұл қызғылт көлді жақсы ауа-райында терезеден көре алады. Сондай-ақ Эсперанс жағалауындағы қалада қайық жалдап, ондағы су қоймасына бару мүмкіндігі бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Curly Tales (@curly.tales)

Хиллер көліне қатысты аңыз бар, ол бойынша XVII ғасырда бұл көлге кеме батып кетіпті. Тірі қалған жалғыз теңізші аралға тап болады. Оның қолдары мен аяқтары сынып, азап шегеді. Қатты ауырғаннан, аштық пен жалғыздықтан есі ауысқан теңізші: "Егер бұл сұмдық азап аяқталар болса, мен жанымды шайтанға сатамын!" деп айқай салады. Дәл осы сәтте екі құмырамен бірінде қан, екіншісінде сүті бар бейтаныс адам пайда болды. Ол: "Қан аурудың не екенін ұмытуға көмектеседі. Сүт аштықтан арылтады. Тек осы суға шомылу қажет" деді. Ол құмыралардың ішіндегісін көлге құйып, оның түсін өзгертеді. Теңізші суға түседі. Қайтып шыққанда, ол бейтаныс адамның жоғалып кеткенін көреді. Теңізші аштық пен азаптан құтылады. Көлдің аты бастапқыда Хиллер деп жазылған, ол healer сөзімен мағыналас, ол "емші" дегенді білдіреді.

Хатт шығанағы, Аустралия

Тұзды қызғылт Хатт көлі Аустралияның Грегори қаласының маңында орналасқан. Көлдің ұзындығы 14 шақырым, ені екі шақырым. Ол құм төбелерінде жайылып жатыр.

Хатт көлінің суы Dunaliella salina бір жасушалы балдырларының арқасында ерекше түске ие болды. Бета-каротин осы балдырлардан алынады, олар тағамдық бояудағы қоспалар ретінде және А дәруменінің көзі ретінде пайдаланылады. Көлде әлемдегі ең ірі зауыттардың бірі бар, онда Dunaliella salina жалпы ауданы 250 гектар болатын жасанды тоғандарда өсіріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Moon and Stone Australia (@moonstonesaustralia)

Хатт көлі Үнді мұхитынан жіңшіке құрлық жолы бөліп тұрады. Жыл мезгіліне байланысты көл түсін ашық қызғылт түстен күлгін түске өзгертеді. Хатт көлі батпырауықпен серфинг спорты үшін өте қолайлы. Сіз әуеден әдемі кадрлар түсіре аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Caro + Fabi | Couple Travel ? (@saltysunrise_)

Аустралия ерекше ландшафттарға, атап айтқанда қызғылт көлдерге бай. Оларды Мельбурн Вестгейт саябағында, Эйр түбегінде - Макдоннелл көлінде, Лохиел қаласына жақын Бамбунга көлінен табуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Helena ?? French Girl Travel (@the_freedom_traveler)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Wandering Nerds ☘️?? (@wanderingnerds)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?hello_w@rld (@hello_worldpics)

Ретба көлі, Сенегал

Ретба қызғылт тұзды көлі Сенегалдағы Кап-Верте түбегінде орналасқан. Тұздың құрамы жағынан Сенегал көлін Өлі теңізбен салыстыруға болады. Судағы тұздың мөлшері 40 пайызға жетеді. Онда шомылу теріңізді зақымдауы және тіпті күйіп қалуы мүмкін. Көлдегі минералдардың көп шоғырлануына байланысты он минуттан артық шомылуға болмайды деп саналады.

Жергілікті тұрғындар мен Мали, Гвинея, Того сияқты көрші елдердің өкілдері көлден тұз өндіреді. Теріні күйіп қалудан және зақымданудан сақтау үшін терілерін ши ағашының майымен сүртеді. Тұзды өндіру еңбек сыйымдылығына байланысты салық салынбайды. Кейбіреулер пайда болған тұзды өнімді экспорттайтын сенегалдық тұз компаниясына сатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @emmsstreetpic

Туристер үшін көлдің айналасында қонақүйлер салынды және Ретбаға қайықпен экскурсиялар ұйымдастырылды. Кейбір жерлерде көлдің тереңдігі 10 метрге жетеді.

Ретба бір кездері тұзды көлге айналған шығанақ болған. 1970 жылдары, қорқынышты құрғақшылық кезеңінде көл таяз болып, ерекше түске ие болды. Қызғылт көл ерекше қызғылт түстен қызылға дейін ауысады. Судың түсін көптеген бір жасушалы Halobacterium микроорганизмдері бояйды екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Black Voyageurs (@blackvoyageurs)

Сасық-Сиваш көлі, Қырым

Қызғылт тұзды Сасық-Сиваш көлі (оны Сасық көл деп те атайды) Евпатория мен Саки курорттық қалаларының арасында орналасқан. Бұл Қырым түбегіндегі ең үлкен көл болып саналады, оның ауданы - 75 шаршы шақырым. Көл таяз, оның максималды тереңдігі 1,2 метр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анна Любовная (@anna_liubovnaya)

Көлдің ерекшелігі - ондағы су аппақ түстен қызғылт түске дейін өзгереді, сонымен қатар емдік қасиеттерге ие. Сасық-Сиваш ең әдемі түске шілде мен тамызда енеді екен. Көлдің түсіне күннің көтерілуі әсер етеді және түстен кейінгі уақытта мұнда әдемі фотосуреттер жасауға болады. Түстің өзгеруі, Хатт көліндегі сияқты, бета-каротин өндіретін Dunaliella salina балдырларына байланысты екен.

Сасық-Сиваш көлінде өндірілетін қызғылт тұз ас тұзынан гөрі тәтті және күлгін гүлдің иісіндей болады. Әдетте оны күзде жинайды және тазалағаннан кейін косметиклық өнімдер, курорттық емдеу, сонымен қатар тағамға пайдаланады.

Мұнда шомылу денені сауықтырады, су буымен демалу инфекциялық және вирустық аурулардың алдын алу үшін қолданылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от CurseAt27 (@curse_at)

"Сасық-Сиваш" түркі тілінен "сасық балшық" деп аударылады. Көл бұл атауды ерекше иісіне байланысты алған. Тұз қабатының астында емдік қасиеттері бар қара және қою сұр балшық бар. Бұл "балшық" дерматологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу үшін қолданылған. Ежелгі гректер көлде Қырым тұзын өндірген деп есептейді және балшықпен емдеу ежелгі уақыттан бері жүргізіліп келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? (@mrn_never)

Сасық-Сиваш кен орнында тұз өндірісі бар.

Кояш көлі, Қырым

Қызғылт Кояш көлі Қырым түбегінің оңтүстік жағалауында, Керчь пен Феодосия қалаларының арасында орналасқан. Оның ауданы бес шаршы шақырым, ал ең үлкен тереңдігі - бір метр.

1998 жылдан бастап Кояш көлі Опукский қорығының бөлігі болып табылады.

Кояш көлінің емдік балшығында күкіртті сутектің ерекше иісі бар. Ол минералдарға бай, теріге жаққанда адам ағзасына үлкен пайдасын тигізеді.

Жаз айларында көл қызыл түске боялады. Ол кебу кезінде түсін өзгертеді: ауа-райы қаншалықты құрғақ болса, көлдің түсі соншалықты қанық болады. Тамызда арнайы аяқ киіммен жүзген дұрыс, өйткені Кояш көлінің түбін жартылай тұз қабығы жауып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Viktoria Kasumova (@vikki.kas)

Көбейтұз көлі, Қазақстан

Қазақстанда, Нұр-Сұлтан мен Ерейментау қаласының маңындағы тұзды көлдердің бірінде, бір жасушалы балдырлар Dunaliella salina да кездеседі. Көл Көбейтұз деп аталады. Ондағы су қызғылт және күлгін түске боялады. Бұл ауа-райы мен тәуліктің уақытына байланысты болып келеді. Көбейтұз өзінің түсін сирек өзгертеді, бұл 10 жылда бір рет болады. Ол ауа-райы өте ыстық болған кезде, яғни жазда қызғылт түске боялады.

Көл таяз, бірақ басқа көлдер сияқты емдік қасиетке ие, буын ауруларына көмектеседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Liat Wexelman ?‍♀️ (@liatwex)

Көлге Нұр-Сұлтаннан жеңіл көлікпен қырық минутта, аялдамалары бар автобуспен Нұр-Сұлтан - Павлодар тас жолының бойымен екі жарым сағатта жетуге болады. Жолда саяхатшылар сонымен бірге Қазақстанның басқа көлдерін, мысалы, Құрбет пен Теңізді тамашалай алады.

Алайда, Көбейтұз көлінің өзін табу оңай емес, өйткені оған ешқандай белгілер жоқ. 177-ші шақырымда тас жолдан шыққаннан кейін тағы екі-үш шақырым жолсызбен жүру керек. Аймақ тұрғындары адасқандарға көмектесуге қуана-қуана келіседі, өйткені олар Көбейтұзды елдің ғажайып көрікті жері екенін білгендіктерінен болса керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? ?????????? ☯︎︎ 迪娜 (@dina_snk)

Көл өте таяз болғандықтан, сіз шомыла алмайсыз. Жазда сіз жағажайда күнге қыздырына аласыз немесе балшық пен тұзды ванналар қабылдауға болады. Суық мезгілде ауа-райы желді, ал су салқын болады. Әдемі фотосуреттер үшін сіз суға кіруіңіз керек болады, сондықтан өзіңізбен бірге қосымша аяқ киім мен шұлық алып келгеніңіз жөн.

Тұз көлі, Түркия

Тұз көлі (сөзбе-сөз аударғанда "тұз" дегенді білдіреді) - Түркиядағы ең ірі су қоймаларының бірі. Әдетте ол кәдімгі көгілдір түске ие, алайда ауа-райына байланысты кейде қызғылт түске өзгереді. Экологтар айтқандай, бұл температура мен күн белсенділігінің артуымен байланысты уақытша құбылыс. Бұл кезде балдырлар белсенді түрде бета-каротин бөледі. Жаңбыр жауғанда немесе температура төмендегенде судың қалыпты түсі қайтады деп саналады.

Тұз көлінің ені 50 шақырым, ұзындығы 80 шақырым, ал тереңдігі бір-екі метр ғана болады. Тұз көлі - Жерорта теңізіндегі қоқиқаздар ұя салатын бірден-бір жер. Мұнда жыл сайын 10 000-нан аса қоқиқаз балапандары дүниеге келеді. Тұз көлінің аумағы - ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын аймағы.

Жазда туристер көл бойымен серуендегенді жөн көреді, су ыстық күні буланып кетеді. Көл суын ішуге тыйым салынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Türkiye Seyahat Rehberi (@turkeyjourneyguide)

Басқа елдерде де қызғылт көлдер бар. Мысалы, Испаниядағы Салинас де Торревье, Боливиядағы Лагуна-Колорадо, Канададағы Дасти Роуз, Тунистегі Шотт-эль-Джерид, Әзірбайжандағы Масазыр, АҚШ-тағы тұзды тоғандар, Франциядағы тұзды батпақтар, Мексикадағы Лос-Колорадос.

© Shutterstock

© Shutterstock

© Shutterstock

© Shutterstock

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel