Қостанай облысында бір топ ақбөкен видеоға түсірілді

Қостанай облысының оңтүстігінде қорғалатын аймақтағы Алтын дала резерватында бесмыңдық ақбөкен отары фототұзаққа түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Фототұзақ бірнеше күн бұрын ғана Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының Реинтродукция орталығының маңында орнатылғаны айтылады. Соның нәтижесінде жануарлар видеоға түсірілді. Орталықтың мамандары 5000-ға жуық басты санаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АСБК / Birdlife Kazakhstan (@acbk.kz)

Мамандардың айтуынша, жазда бұл аймақта ақбөкендер мұнша топтасып жүрмейді. Мұндайды тек көктемде көшу кезінде байқауға болады. АСБК жетекші маманы Альберт Сәлімгереевтің айтуынша, ақбөкендердің бұл аймаққа келуінің басты себебі су тапшылығы. Реинтродукция орталығының маңы Ұлы-Жыланшық өзеніне жақындауға жақсы мүмкіндік, олар өзенді осы жерден кесіп өте алады. 

Осыған дейін ұлттық парктер Алтын-Емелде және Сайрам-Өгемде қар барысы фототұзаққа түскен еді. Сондай-ақ, Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қаратау арқарлары (15 бас) түсірілген