"Алтынемел" ұлттық саябағындағы "алтын қазына" видеоға түсірілді

"Алтынемел" ұлттық саябағында түсірілген құландар мен қарақұйрықтар видеосы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында видео жарияланды.

"Алтынемел" ұлттық паркінің алтын қазынасы - құлан мен қарақұйрық. Видеоматериал парк аумағында түсірілген", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Видео сипаттамасында алғашқы пікірлер пайда болды, пайдаланушылар мұндай сұлулықты көруді армандайтынын атап өткен.

Өздеріңіз білетіндей, "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Алматыдан 250 шақырым жерде орналасқан. Оның ауданы шамамен 307 мың гектар болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!