"58 жаста Парижді көру": қазақстандық қыз анасының арманын орындады

Әлеуметтік желіде анасының арманын орындаған қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

TikTok-та қазақстандық қыздың анасы қай елдер мен қалаларға барғанын көрсеткен видеосы тарады.

"Анам 58 жасында әлемді көре бастағанда", - делінген видео мәтінінде.

Видеода бақытты әйел өзі барған жерлерді айтып шыққаны түсірілген.


Видео сипаттамасында ондаған пікір жазылған, әлеуметтік желі қолданушылары ересек балалар ата-аналарын жиі саяхатқа жіберетін болғанын таңдана айтып жатыр.

Видео авторы - Азиза Ибрагимова. Ол 24 жаста, Алматыда тұрады, анасының аты Арзугүл. Қыз халықаралық маркетинг агенттігінде жұмыс істейді. Арзугүлдің шетелге алғашқы сапары 53 жасында болған екен. Қызы анасына Мысырда бірнеше күн демалуға мүмкіндік сыйлаған.

"Сосын мен демалысқа ақша жинау үшін түрлі жобалармен жұмыс істедім. Осы елден кейін анам екеумізде саяхаттауды жақсы көріп қалдық. 21 жасымда мен оны толығымен өз қамқорыма алып, жұмысын тастауын өтіндім. Содан кейін анам құрбыларымен Түркия мен Ресейге ұшып барды", - дейді Азиза.

2024 жылы Азиза анасына Еуропа елдерін көрсетуге шешім қабылдаған. Арзугүл Парижді көруді көптен армандаған. Бойжеткеннің айтуынша, сапар аяқ астынан жоспарланған, бірақ бұл шынымен де сәтті шыққан.

Болашақта қыз анасына бұдан да көп елдерді көрсетуді армандайды.

"Саяхат жоспарларыма сәйкес, мен анама Оңтүстік Кореяны, Жапонияны және, әрине, Италияны көрсеткім келеді, оған бұл жерлер өте ұнайды деп ойлаймын. Менің анамның ең асыл мақсаты - жеке кондитерлік цехын ашу мен оны қалдаймын. Ол үшін бұл әлемде одан да көп елдер бар екенін көрсеткім келеді, ол саяхаттауды ұнатады", - деп қосты ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!