Қар барысы бірден Қазақстанның екі ұлттық саябағында видеоға түсіп қалды

Қазақстанның екі ұлттық паркінде қар барысы видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірден қар барысы түсірілген видео бөлісті. Жыртқыштар Алтын Емел (бірінші бейне) және Сайрам-Өгем (екінші бейне) ұлттық саябақтарында фотоқақпанға түсіп қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Қар барысы еліміздің тоғыз ерекше қорғалатын табиғи аумағында кездеседі. Жануар халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген және ол өмір сүретін барлық 12 елде сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан түрлерге жатады.

Есептік деректерге сүйенсек, қазір елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.

Еске салайық, бұған дейін ведомство Қаратау арқарларының кадрларын бөліскен болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!