Қаратау арқары видеоға түсірілді

Видео Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Кадрлардан Сайрам-Өгем ұлттық паркінің тауларында серуендеп жүрген 15 бастан тұратын шағын табынды көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)

Ведомство мәлімдемесінде ұлттық парк аумағындағы Қаратау арқары тек Түлкібас филиалын ғана мекендейтіні жазылған. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыстайды, көктемде бұзаулайды. Мамырда олар жазғы жайылымдарға көшеді.

"Соңғы мәліметтер бойынша, ұлттық паркте 75-ке жуық Қаратау арқары бар. Олар бұталар мен шөпті өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді", - делінген хабарламада.

Тұяқты сүтқоректілер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!