© Аян Махсут © Аян Махсут

Туризм индустриясы комитеті қазақстандықтара үндеу жариялады


Туризм индустриясы комитеті қазіргі уақытта туристік қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу жағдайлары жиілеп кеткені туралы хабарлады.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес туристік компаниялар жеке кәсіпкерлер немесе тиісті ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлғалар ретінде тіркелуі тиіс. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеусіз, сондай-ақ рұқсатсыз турфирмалардың қызметі заңсыз. Алайда, өздерін туроператорлар ретінде көрсететін, бірақ туроператорлардың мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген кейбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері жиілеп кетті.

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес шығу туризмі саласында туроператорлар туристік өнімді тек турагенттер арқылы, ал келу және ішкі туризм саласында тікелей туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы өткізетінін атап өту қажет. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі. Бұл ретте турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары жұмыс берушімен келісім бойынша жалдамалы қызметкерлер немесе elisence порталында хабарлама жіберу арқылы жеке кәсіпкерлер ретінде жұмыс істей алады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 463-бабына сәйкес тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады", - делінген ТИК хабарламасында. 

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасында бару арқылы тексерулер және профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий аяқталғаннан кейін тексерулерді жүзеге асыратын болады.

Өз кездегінде, алаяқтық және заңсыз қызмет белгілері бар жағдайлар анықталған кезде, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті құқық қорғау органдарына олардың құзыреті бойынша сұрау жолдайды.

"Осыған байланысты, туристік компанияларға жүгінген кезде азаматтар турагенттік қызмет туралы хабарламаның болуын және туроператордың лицензиясының болуын тексере отырып, барлық қажетті құжаттарды сұратуы қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының өзекті тізілімдері орналастырылған", - делінген хабарламада. 





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар Қазақстанда әуекомпаниялардың зейнеткерлер үшін қандай жеңілдігі бар
Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет? Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет?
Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді Гавайға ұшқан барлық жолаушыларға ерекше сыйлық берілді