Туристер қонақүйден не ұрлайды?: жиі ұрланатын заттар тізімі жарияланды

Wellness Heaven компаниясы қонақүйден жиі ұрланатын заттар тізімін ұсынды. Есепте шығындар ғана емес, әр елден келген азаматтар қонақүйден шығарда бірінші кезекте өзімен не алып кететінінде тізіп жазған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Tour Prom порталына сілтеме жасап.

Рейтингті құрастыру үшін компания өкілдері негізінен Еуропадағы 1400-ге жуық қонақүйде сауалнама жүргізген. Туристердің жиі иемденетін заттардың тізімінде халат пен сүлгі көш басаған. Сосын ілгіштер, қалам және опа-далапты да қалдырмайтын көрінеді.

Фото: pexels.com

Сонымен қатар, мамандар қандай қонақүйлерде ұрлық жиі болатынын мәлімдеді, мысалы бесжұлдызды қонақүйлерден қомақты заттар ұрланады: матрастар және кофеқайнатқыш. Ал төртжұлдызды қонақүйлерден көбіне әжетхана қағазы қолды болады екен.

Фото: pexels.com

Ұлттық бөлініске қатысты айтар болсақ, біріншілер қатарында немістер мен ұлыбританиялықтар - олар көбіне халат, сүлгі, опа-далап және әжетханаға қажетті заттарды ұрлайды.

Италиялықтар болса шарапқа құмарлығы соншалық, кәдесый ретінде бокалдарды ұрлайды, голландықтар жарық шамын, әжетхана қағазын, ал австриялықтар кофені ұнатады, олар кофе шынаяқтарымен шектелмей кофемашинаны да алып кететін көрінеді.

Фото: pexels.com

Америкалықтар батареялар мен жастықтарды жиі ұрлайды екен. Ал француздар қымбат заттарға құмар - олар пультті теледидарымен қоса ұрлап кететін жағдайлар болған. Швейцариялықтар да қымбат "кәдесыйларға" құмар, олар көбіне шаш кептіргішке көз тігеді екен.

Фото: pexels.com

Ұымбат тонаулар - бесжұлдызды қонақүйлерде тіркеледі. Мысалы "қонақүйлік" планшетті компьютерлер - 6 рет, өнер туындылары - 4,3 рет. Сондай-ақ теледидарлар (4,9 рет) да осы қымбат қонақүйлерде ұрланады, тіпті матрас (5,4 рет) ұрланған жағдайлар болған екен.

Фото: pexels.com

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!