Қазақстандық джиппен Маңғыстауды аралап, жыландармен келісімге келген

Психолог әрі ересек қыздың анасы Оксана джиппен Маңғыстау даласын аралап, Tengritravel.kz тілшісіне сапардан алған әсерін бөлісті.

Психологтың айтуынша, ол мұндай сапарға шығуды көптен армандаған, бірақ жыландармен кездесуден қорыққан.

"Мен бұл турға ұзақ уақыт барғым келді. Бір нәрсе алаңдатты: көбісі жолда жыландар көп екенін айтты, мен оларды ұната қоймаймын. Бірде достарым жорғалаушылар жаппай көшіп бара жатқан жағдайға тап болған. Үздіксіз кілем сияқты! Сондықтан мен сапардың басында: "өтінемін, жыландар, мен сізді көрмеймін, ал сіз мені көрмегейсіз" деп сұрадым", - дейді Оксана.

Теміртау тұрғыны жыландармен тіл табысып, олар оның алдынан шықпаған.

"Бұл қызықты жол талғамайтын серуен болды, мұнда ландшафт әр бұрылыс сайын өзгереді және әр бұрылыста тосын сый болады", - дейді саяхатшы.

Оксана сапардан суреттерін ұсынды. Әр суретке сипаттама да жазған.

"Ежелгі Тетис мұхиты кеткеннен кейін артта қалған қазыналар өзінің сиқырлы сұлулығымен таң қалдырады. Біздің арамызда акула тістерінің қалдықтарын тапқан бақыттылар болды".

"Ал бұл Қызылкүп тракті, оны халық арасында Тирамису деп атайды. Оның сыртқы түрі осы десертті еске түсіреді. Нағыз ерекше пейзаж".

"Қызыл, сары, жел жеген тастар".

"Бозжыра алқабы - тыныштық пен сұлулықтың оазисі, ал оның визит картасы - Азулар".

"Ғарыштық Тұзбайыр. Табиғат бұл аппақ ақ ғажайыпты тұз бен саз қоспасынан жасады".

"Жазықтың ортасында аты аңызға айналған Шерқала тауы асқақтай көтеріледі".

Оксана тарихи орындарға саяхаттан ұмытылмас эмоциялар алғанын айтты.

"Ұлы Жібек жолы дәл осы жерден өткенін түсінген кезде адреналин тасиды. Жер асты үңгірі, мұзды көл - жан дүниең тыныш табатын табатын жер", - дейді ол.

Бекет-Атаның қасиетті мекені мен Шақпақ-Ата мешітінің сырлары рахатқа бөленейді, оған шексіз ой жүгіртіп, ләззат алуға болады, - дейді ол.

"Бұл жердің тазалығына таңғалдым, - деп жалғастырады Оксана. - Сиырлар сияқты күнделікті жайылып жүрген көптеген түйе бар. Біздің бүкіл сапарымызда күннің батуы мен шығуы керемет әдемі болды! Шатырларда түнеу, жұлдызды аспан астындағы кешкі ас, құлақтағы ерекше үнсіздік - мұның бәрі ұмытылмас болды.

Оксана сапар соңында топтың Каспий теңізіне тоқтағанын, жарты күн суға түсіп, күнге күйгенін айтты.

Баға және мәліметтер

Кейіпкер бұл сапарға өте риза болған, сондықтан бұл туралы өте поэтикалық, түрлі эпитеттермен айтты. Бірақ біз әлі де оқырмандарымыз үшін практикалық мәліметтерді сұрадық, оны сіздермен бөлісеміз.

Турдың құны: 300 000 теңге. Бағаға не кірді:

  • 5 күндік жол жүру;
  • Атырауда екі түнеу;
  • Ақтау қаласына трансфер;
  • Жолда кемпингтік тамақ;
  • Шатырлар мен ұйықтайтын палаткалар.

"Топ 5 джиптен тұрды. Әртүрлі жастағы адамдар, оның ішінде 5 және 7 жастағы екі бала болды. Сондықтан бұл саяхат кез келген жас үшін қолайлы", - деп егжей-тегжей бөлісті Оксана.

Сондай-ақ, ол компания берген джиптердің жүргізушілері барлығын жасағанын: тамақ әзірлеп, тіпті ыдыс жуғанын айтты. Сондықтан саяхатшылар тек көріністерден ләззат алып, суретке түскен.

Қиын сәттер

Біз Оксанадан сапар кезінде қандай қиындықтар болғанын сұрадық.

"Қиыны – дәретхана мен душ. Сол жақтағы тастар - ерлерге, оң жақтағы әйелдерге арналды. Сулы майлықтарды душ ретінде қолдандық. Суды үнемдеп жұмсауға тырыстық. Мен үйде күніне екі рет душқа түсемін. Сондықтан мен үшін қиын болды. Бірақ мұндай сұлулық соған тұрарлық", - деп бөлісті Оксана.

Сөз соңында Оксана біздің оқырмандарымызға былай деді:

"Саяхаттаңыз! Әрбір саяхат - кішкентай өмір, оны кейінге шегермеңіз!"

Суреттердің бәрін кейіпкер ұсынды

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!