Туристер жиі шағымданатын әлемдегі көрнекті жерлер аталды

Hawaiian Islands басылымының сарапшылары туристер ең көп шағымданатын әлемдегі ең көрнекі орындарды анықтады. Туристер көрнекі жерлерді көру үшін кезекте тұруға мәжбүр болатынына шағымданады екен. Оларды көп күттіруге мәжбүрлейтін жерлердің бірі - Эйфель мұнарасы дәл осы рейтингті бастайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TourProm басылымына сілтеме жасап.

"Танымал туристік бағытқа сапарды жоспарламас бұрын, кезек күту уақытын ескеруді ұмытпаңыз. Қандай туристік орындар көп уақыт алатынын түсіну үшін осы тізімді қарап шығыңыз", - дейді рейтинг авторлары.

Бұл рейтингті жасақтау үшін сарапшылар ең үздік 100 көрнекі орынды саралап шықты. Олардың мақсаты – көрнекі жерлердің қайсысында туристер "ұзақ кезекке" шағымданатынын анықтау болды. Рейтинг көшбасшысы - Эйфель мұнарасы екені анықталды. 5 мыңға жуық адам кезекті өте ұзақ күтетінін айтып, пікір қалдырған. Қарбалас кезінде олар тіпті үш сағатқа дейін күтеді екен. Туристерді небәрі 45 минут күттірген Лондонның әйгілі London Eye айналаны шолу дөңгелегі екінші орынға тұрақтады.

"Дегенмен рейтинг құрастырушылар туристік бағыттарды толық қамтығыңыз келсе, демалысыңыздың көп бөлігін кезекте өткізетініңізге дайын болыңыз", - деп ескертті олар.

Сарапшылар туристердің шағымдарына негізделген ТОП-20 көшбасшы туристік мекенді назарларыңызға ұсынады:

  • Эйфел мұнарасы - Париж, Франция;
  • London Eye - Лондон, Ұлыбритания;
  • Колизей - Рим, Италия;
  • LEGOLAND Windsor Resort - Виндзор, Ұлыбритания;
  • Базилика Саграда Фамилия - Барселона, Испания;
  • Empire State Building - Нью-Йорк, АҚШ;
  • Alton Towers курорттық аймағы - Элтон, Ұлыбритания;
  • Сиам Парк - Адехе, Испания;
  • Париж Диснейленді - Марн-ла-Валле, Франция;
  • Юниверсал Студиос Сингапур – Сентоза аралы, Сингапур;
  • Лондон мұнарасы - Лондон, Ұлыбритания;
  • Виктория шыңы - Гонконг;
  • Лувр - Париж, Франция;
  • Бурдж Халифа - Дубай, Біріккен Араб Әмірлігі;
  • Торп-Парк - Чертси, Ұлыбритания;
  • Мадам Тюссо мұражайы - Лондон, Ұлыбритания;
  • Chessington World of Adventures курорттық аймағы - Чессингтон, Ұлыбритания;
  • Ван Гог мұражайы - Амстердам, Нидерланды;
  • Жартас шыңы - Нью-Йорк, АҚШ;
  • Лондондағы Warner Bros. Студиясына экскурсия - Ливсден, Ұлыбритания.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!