Менің елім 02 мамыр 2024 14:50

Air Astana рейсінің екі жолаушысы тырысқақ жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ instagram/airastana ©️ instagram/airastana

Air Astana әуекомпаниясының Алматы-Орал рейсіндегі екі жолаушысы тырысқақ жұқтырған деген күдікпен Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ Оралға 30 сәуірде сағат 22:25-те қонған. Жолаушылардың айтуынша, рейс кезінде екі жолаушы - ер адам мен әйел ауырып қалған - дене қызуы көтеріліп, құсқан.

Ұшақ жерге қонған соң санитарлық-эпидемиологтар ұшаққа кірген.

"Бізді ұшақта екі сағат ұстады, содан кейін барлық жолаушылар босатылды", - деді аты-жөнін жасыруды сұраған әйел.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы оқиғаны растады.

"Түнде Ресейдің екі азаматы жеткізілді. Анамнез, эпиданамнез, клиникалық тексеруден кейін тырысқақ күдігі жоққа шығарылды. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар тұрғылықты жері бойынша Саратов облысына кетті", - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова 1 мамырда таңертең.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также