Қазақстандық ұшақтың дауыл кезінде Лондон әуежайына қонған сәті видеоға түсіп қалған

Қазақстандық әуе компанияның ұшағы тұрақсыз ауа райында Лондонның Хитроу әуежайына "шайқалып" әрең қонған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ұшақтың экстремалды түрде қонған видеосы BBC News Instagram каналында жарияланды.

Кадрларда қатты дауылдың жерге қонайын деп жатқан қазақстандық бортты "шайқап" жібергенін көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BBC News (@bbcnews)

Air Astana әуе компаниясы видеоға қатысты түсініктеме берді. Олардың дерегіне сәйкес, бұл 2024 жылдың 2 қаңтарында болған. "Алматы-Лондон" бағытындағы А321LR ұшағы қолайсыз ауа райына қарамастан Лондон әуежайына қонған.

2024 жылдың 2 қаңтарында әуе компанияның ұшағы Лондон әуежайына қонар кезінде жылдамдығы сағатына 67-90 шақырымға жететін қатты дауыл соғып тұрды. Бұл ұшақтың қонуы кезінде жоғары турбуленттілікті туындатты, - дейді компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.

Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес қолайсыз ауа райы Ұлыбритания аумағында көліктің барлық түрінің жұмысында қиындық туғызды. Мәселен Хитроу әуежайында бірнеше рейсті басқа әуежайларға бағыттауға мәжбүр болған.

Айта кетейік, Астанада 2023 жылдың 29-31 аралығында ауа райы күрт бұзылып, 100-ден аса рейс кешіктірілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!