Стюардессаның аяғымен екі жолжүгін жапқан сәті видеоға түсірілді

Америалық әуекомпаниялардың бірінде жұмыс істейтін бортсерік ұшақ бортында акробатикалық трюк орындады. Осы оқиға видеоға түсірілген және Instagram желісіндегі @flight___love аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Видеода әуекомпанияның қызметкері орындықтар арасындағы дәлізде тұрады, сосын екі қолымен шынтақ сүйеніштен ұстап басын төмен жіберіп, аяғын жоғары көтеріп бірден екі жолжүкті жабады. 

Пабликке жазылған Instagram қолданушылары көптеген позитив пікірлер қалдырған. "Өте жақсы", "Қандай әдемі әйел", "Сен кереметсің!", "Алтын медальға лайықты", "Керемет өнері бар екен", "Жарайсың!", "Есіңнен ауысқанбысың?", "Өмірде көп нәрсе көрдім, бірақ жолжүгін салатын багажды аяқпен жабуды ешқашан көрмеппін", - дейді олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от aviation love (@flight___love)