Опық жеп қалмаңыз. Ұшаққа отырғызу талонын суретке түсіру қаупі

Кей адамдар демалыс кезінде ұшаққа отырғызу талонының суретін әлеуметтік желіде жариялап жатады. Осылайша, адамдар демалысқа кетіп бара жатқанын көрсеткісі келеді. Алайда бұл дәстүрді өзгерткен жөн екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Мұндай болмашы ғана көрінетін әрекеттің арты жамандықпен бітуі мүмкін. Толығырақ "Рамблер" дайындаағн материалда.

Рейстен қалып қалу қаупі

Отырғызу талонында көрініп тұрған брондау нөмірі арқылы әуе компаниясының сайты арқылы жеке кабинетке кіріп, ұшу параметрлерін өзгертуге болады. Яғни, алаяқ сізді басқа орынға отырғызып тастай алады, үшу күнін өзгертуі немесе тіптен рейстен алып тастауы мүмкін.

Әдете бұлай сізге қасарысқан ұсақ бұзақылар жасайды. Әрине ондай адамдарды кейін анықтап алуға да болады, бірақ...

Жеке мәліметтердің қолды болуы

Жоғарыда айтылғаннан бөлек алаяқтар сіздің жеке мәліметтеріңізді қолды етуі мүмкін. Жеке кабинетте құжат нөмірі мен банк картасының мәліметтері сақталады. Қылмыскер шотыңыздан ақша шеше алады немесе банк қосымшаңызға кіріп кете алады. Сол үшін отыру талонын суретке түсірсеңіз де, штрих-код пен брондау нөмірін көрсетпеген жөн.

Әуе компаниясы өкілдерінен қоңырау

Алаяқтар сіздің мәліметке қол жеткізе алмаса, олар өзін әуе компаниясының өкілімін деп таныстырып, керекті мәліметті өзіңізден білуге тырыса алады. Жақында ғана қай ұшақпен ұшқаныңызды, аты-жөніңізді білу арқылы олар сенімізге кіріп кетуі мүмкін. Адамдар өзі туралы мәлімет жабық болғандықтан, оны айтып отырған адамға сеніп қалады. Ал сайып келгенде саяхатшылар өзі туралы мәліметті осындай суреттер арқылы өздері жария етіп отырады.