Кез келген жағдайда: туристер үшін ең пайдалы қосымшалар жайлы білесіз бе?

Күнделікті өмірімізде смартфонның пайда болуына байланысты саяхатшыларға арналған көптеген қосымшалар ыңғайлы, әрі қолжетімді болды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі ең пайдалы қосымшалар тізімін ұсынады.

Көптен күткен демалысқа немесе қысқа сапарға шықсаңыз да, сапарыңызды жеңіл, әрі қызықты болғанын қаласаңыз, осы қосымшаларды пайдалануыңызға болады.

Google Maps

Бұл навигациялық қосымша туристер үшін баға жетпес. Ол нақты жол картасын, көлік жүргізу бағыттарын, көрікті жерлер туралы ақпаратты, тіпті мейрамхана мен қонақүй рейтингтеріне дейін көрсетеді

TripAdvisor

Басқа саяхатшылардың мейрамханалар, қонақүйлер және жергілікті әдет-әрекеттері жайлы не ойлайтынын білгіңіз келсе, TripAdvisor сізге арналған. Мұнда сіз көптеген пікірлер мен ұсыныстарды таба аласыз.

Airbnb

Бұл қосымша бүкіл әлем бойынша балама тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қонақүйге қарағанда ыңғайлы және бағасы да арзан пәтер, үй немесе бөлме жалдауға болады.

Фото: pexels.com

Couchsurfing

Егер сіз ерекше тәжірибе іздеп, жергілікті тұрғындармен танысқыңыз келсе, Couchsurfing сізге тұрақтайтын жер мен жаңа достарды кездестіруге, тегін орын табуға көмектеседі.

Booking.com

Қосымша тұратын орын табуға көмектеседі. Booking.com басқа саяхатшылардың пікірлері мен рейтингі жоғары қонақүй, пәтер және хостелдердің үлкен таңдауын ұсынады.

Uber или Bolt

Қаланы жылдам әрі ыңғайлы аралау қажет болса, Uber немесе Bolt сияқты такси қосымшалары тасымалдауға тапсырыс берудің оңай және ыңғайлы әдісін ұсынады.

Фото: pexels.com

Guides by Lonely Planet

Бұл жергілікті көрікті жерлер, мейрамханалар және басқа орындар туралы ақпарат беретін ресми Lonely Planet қосымшасы.

XE Currency

Соңғы айырбастау бағамдарын білу қажет болса, XE Currency валюталарды жылдам айырбастауға және тауарлар мен қызметтердің құнын есептеуге көмектеседі.

Google Translate

Жергілікті тілде сөйлемейтін болсаңыз, Google Translate мәтіндерді аударуға және тіпті дауыстық хабарлама арқылы аудару жергілікті тұрғындармен сөйлесуге көмектеседі.

Фото: www.pexels.com

Trail Wallet

Бұл қосымша саяхат кезінде бюджетті сақтауды жоспарлайтындар үшін пайдалы болады. Trail Wallet сіздің шығындарыңызды қадағалауға және бюджетіңізден асып кетпеуге көмектеседі.

Omio

Omio - автобустармен қоса, әртүрлі көлік нұсқаларын салыстыратын және ең жақсы бағытты табуға көмектесетін қосымша.

WiFi Map

Бұл қосымша қарым-қатынас пен деректерді үнемдеуге, әлемнің әртүрлі бөліктерінде тегін және жалпыға қолжетімді Wi-Fi кіру нүктелерін табуға мүмкіндік береді.

Заманауи технологиялар адамның күнделікті өмірінде біраз ісін жеңілдеткені анық. Саяхат қосымшалары жергілікті көрікті жерлер, мейрамханалар, бағыттар билеттерді брондау және тіпті валюта айырбастау туралы ақпарат беретін сенімді серігімізге айналды. Олар уақыт пен ақшаны үнемдейді, жол көрсетеді, саяхатымызды ұйымдастырады.

Фото: pexels.com

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.