Таиланд туристерді емдеу сапасын жақсартуды жоспарлап отыр

Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі пилоттық форматта туристер арасында танымал Пхукет аралында жергілікті медициналық қызметтерге деген сенімді арттыру бағдарламасын іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Жоба Safety Phuket Island Sandbox ("Пхукет аралының қауіпсіздік құмсалғышы") деп аталды және 26 қарашадан бастап 100 күн бойы екі жерде - Патонг жағажайында және Оңтүстік Муанг ауданында өтеді. Егер пилоттық режим сәтті болса, онда науқан астанаға және басқа 12 туристік провинцияға таралады. Олардың арасында Бангкок, Нан провинциялары, Убонратчатхани, Нахонратчасима, Аюттхая, Пхетчабури, Удонтхани, Каласин бар.

Инновация көше тағамдарының сапасын бақылауды, медициналық топтардың жұмысын ұйымдастыруды, ауруханалардағы жабдықты жақсартуды, сондай-ақ келушілердің денсаулығын бақылауға ықпал ететін қонақүйлер мен туристік орындарға сертификаттар беруді қамтиды. Жаңа бағдарлама қалай жүзеге асырылатыны туралы нақты критерийлер әлі жоқ.

Өткен аптада Пхукет провинциясының иммиграциялық қызметі ресейліктер екінші ай қатарынан шетелдік қонақтардың ең көп тобын құрғанын хабарлады. Қазанда ресейлік туристер саны 62 мыңнан асты. Шетелдік саяхатшылар саны бойынша көшбасшы елдердің бестігіне Қытай, Аустралия, Үндістан және Германия да кірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!