1962 жылы шыққан Ferrari аукционда 51,7 миллион долларға сатылды

1962 жылы шыққан Ferrari 250 GTO жарыс көлігі Нью-Йорктегі сауда-саттықта рекордтың 51,7 миллион долларға сатылған. Бұл туралы Sotheby's аукцион үйінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

1974-1985 жылдары аралығында бұл көлікті америкалық Ferrari Club of America ұйымының төрағасы тізгіндеген, сосын осы күнге дейін 38 жыл бойы АҚШ-тың аты аталмаған коллекционеріне тиесілі болған.

Автошабандоздар ұлыбританиялық Майк Паркс пен италиялық Лоренцо Бандини 1962 жылы осы Ferrari көлігімен Scuderia Ferrari жарыс командасы атынан "Ле-Ман 24 сағаты" марафонына қатысқан.

Agence France-Presse агенттігінің мәліметінше, 2018 жылы осы тізбектегі көлік Sotheby's аукционында 48 миллион долларға сатылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!