Қазақстандағы отбасылық демалысқа арналған орындар туралы не білесіз?

Қыс - зерігудің уақыты емес. Қазақстанда бұл мезгілде табиғат өте әдемі, ал кейбір аудандарда белуардан қалың қар жауады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге қыстың бар әдемілігін сезіну үшін отбасылық демалысты қайда өткізуге болатыны жайлы баяндайды.

Біз қазақстандықтар арасында қысқы отбасылық демалысты қызықты өткізуге болатын танымал орындар туралы айтамыз.

Бурабай табиғи саябағы

Ақмола облысының ең басты інжу-маржандарының бірі және ең жақсы қысқы орны - Бурабай ұлттық саябағы. Ол астанадан 250 шақырым жерде орналасқан. Қыста қылқан жапырақты ормандар аппақ қар жамылғысымен жабылады, ал әйгілі көлдер жарқыраған мұз айдындарына айналады. Мұнда табиғи сұлулықтан басқа, көптеген санаторийлер, демалыс орталықтары мен глэмпингтер шоғырланған.

Коттедждер сегіз адамнан тұратын үлкен топтар үшін қолайлы болады. Мұндай үйдің орташа бағасы күніне 35 000 теңгені құрайды, мереке күндері олар сұранысқа ие, сондықтан алдын ала тапсырыс берген дұрыс. Үш немесе төрт адамнан тұратын бір отбасы үшін демалыс орталығында қонақүй кешенінен, қонақүйден немесе үш адамға арналған шағын үйден бөлме алуға болады. Бөлменің орташа бағасы қосымша төсек қою мүмкіндігімен тәулігіне 15 мың теңгені құрайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Утупова Зульфия (@afiny.88)

Сіз қонақүй кешенін таңдаған болсаңыз, таңғы ас бөлме бағасына кіреді. Түскі және кешкі асқа қосымша төленуі керек. Кейбір қонақүйлерде бассейн, спалар, сауна, үстел теннисі бар. Көшеде әдетте қысқы демалыс үшін барлығы бар: слайд, тюбинг, жаңа жылдық суретке түсетін орындар. Кейбір жерлерде тіпті жабық лифті бар сырғанақтар мен әдемі жарық астында сырғанайтын алаңдар бар. Сіз шаңғы мен қарда жүретін көлікті жалға ала аласыз. Қажетті ойын-сауықтың түрінің бар-жоғын брондау алдында тексеріп алыңыз.

Сондай-ақ, бюджетті, қолжетімді нұсқалар да бар. Жергілікті тұрғындар үйін немесе ауласындағы қосалқы құрылысын жалға береді. Ол көлден, не курорт орталығынан алыс болады, әрине, бірақ бағасы соған сай - бір адамға күніне орта есеппен үш мың теңге. Жергілікті тұрғындар да көпқабатты үйлерден пәтер жалға береді. Ас үй, ыдыс-аяқ және сізге қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз етеді. Қолжетімді баға, әрине, жақсы. Бірақ курортқа бару үшін сізге такси қажет болады.

Үлкен топпен саяхаттап, үй жалдайтындар тамақты өздері дайындауға мәжбүр. Мұнда барбекю, самауыр және барлық қажетті жабдықтары бар ас үй бар. Кейбір үйлердің жанында монша бар, бағасы бөлек төленеді. Айтпақшы, Бурабайда үйлер мен қонақүйлердің құны орналасқан жеріне байланысты: көлге жақын болған сайын арзанырақ. Сондықтан кейде баға үйдегі жағдайдың деңгейіне байланысты емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ♥️ (@a_a13.8)

Сондай-ақ, шипажайда атқа міну, өңірдің көрнекті жерлеріне: Жұмбақтас, Бурабай саябағына экскурсия, тауға өрмелеу, курорттық аймағында бұғы және ит шана, шаңғы, шана және коньки тебу ұсынылады.

Көптеген саяхатшылар Аяз Атаның әйгілі резиденциясы - қазақстандық Лапландия туралы біледі. Ол Щучинскіден алыс емес, "Rixos-Боровое" жанында орналасқан. Кіру тегін және кең автотұрақ бар. Мұнда сіз квадровелосипедпен, бұғы, не хаски жегілген шанамен серуендей аласыз.

Астанадан Бурабайға пойызбен, таксимен және автобуспен қатынауға болады. Орташа алғанда, жол шамамен екі-үш сағатты алады. Егер сізде автокөлік болса, баратын жеріңізге дейін де, курортта жүріп бара жатқанда да жол жүру шығыны айтарлықтай төмен болады. Пойызды Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Билет құны бір жарым мың теңге шамасында, вагондары кең, әрі ыңғайлы. Қыста қалааралық такси қызметін пайдалану қолайлы болады. Билеттер - үш мың теңге және одан да жоғары. Щучинскіден (Нұр-Сұлтаннан 240 шақырым жердегі облысқа қарайтын қала - Автордың ескертуі) Бурабай ауылына жету керек. Мұндағы такси бағасы екі мың теңгеден аспайды. Қонақүй нөмірін алдын ала брондаған болсаңыз, қонақүйлер автобуспен қамтамасыз ете алады.

Шығыс Қазақстан облысының тау шаңғысы курорттары

Алтай таулары көпшілікті қызықтырмай қоймайды: тылсым Шамбаланы іздеп саяхаттайтын эзотериктер де, Алтай мен Сібірдің ең биік шыңы - Белуха тауына шығуға ұмтылатындар да, мүйізбен емдеуді ұнататындар да (жыл сайынғы өсу кезіндегі бұғы мүйіздері - Автордың ескертуі). Ал Шығыс Қазақстан облысының шаңғы базаларында қыс мезгілінде мамық қарда сырғанауға болады.

Облыста жалпы ұзындығы 80 шақырымға жететін 30 шаңғы жолдары бар. Биіктіктегі айырмашылықтар бір жарым шақырымға жетеді, беткейлердің ең жоғары ұзындығы бес шақырымға дейін жетеді. Мұнда маусым қараша айында басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Мұнда жеті шаңғы курорты бар. Олардың кейбіреуіне тұрақтап, бірнеше күн тұруға болады. Бір бөлменің бағасы күніне 15 мыңнан басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miras Shekenov Vanlife (@miras_shekenov)

Орналастыру: Өскеменде бір адамға күніне бес мың теңге. Құрал-жабдықтар: шаңғы жинағы: шаңғы, етік, дулыға - бір адамға күніне 4500 теңге. Сноубордшыға арналған жиынтық шамамен осындай бағада. Шаңғы билеті - бір адамға тәулігіне 7500 теңге.

Баянауыл ұлттық табиғи саябағы

Баянауыл ұлттық саябағы - қазақ даласының қақ ортасында жайылған қарағайлы, таулы көркем өлке. Саябақтың аумағында төрт тұщы суы бар - Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл және Жасыбай көлдері. Ең үлкені - Сабындыкөл. Жасыбай ең мөлдір сулы болып саналады. Торайғыр теңіз деңгейінен ең биік орналасқан. Біржанкөлде тұқы, сазан, мөңке балықтары мекендейді.

Көл жағасында және Баянауыл ормандарының ортасында туристерді бір адамға тәулігіне үш мың теңге тұратын түнейтін демалыс орындары бар. Олардың кейбіреулерінде сіз тағамды таңдай аласыз, бірақ көбінесе туристер өз бетінше дайындағанды ұнатады. Ұлттық саябақта әртүрлі қысқы ойын-сауық ұсынылады: коньки, шаңғыны жалға алу, балаларға арналған слайдтар. Баянауылда сонымен қатар, Павлодар, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларынан бір және екі күндік турлар ұсынылады. Бағасы 10 мың теңгеден басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @alyonushka_alyonka

Сонымен қатар, Баянауылда "Мырзашоқы" шаңғы базасы бар. Шаңғышылар, сноубордшылар, тюбинг пен сноутинг әуесқойлары мұнда тек Павлодар облысынан ғана емес, Қарағанды мен Нұр-Сұлтаннан да келеді. Үлкен жолының ұзындығы - 800 метр, түсуі - 1200 - 1300 метр, кіші көтергіште - 320 метр, түсу - 500 метр.

Бұл база бір жыл бұрын ғана ашылған. БАҚ мәліметінше тау шаңғысы курортында 44 жұп шаңғы мен 20 сноуборд жалға беріледі. Бағалары мынадай: үлкендер үшін аспалы жол - 500 теңге, балаларға - 250 теңге, 9:00-ден 18:00-ге дейінгі абонемент - үш мың теңге. Шаңғы мен сноубордты жалға алу - сағатына 1500 теңге, абонемент - алты мың теңге. 10 жасқа дейінгі балалар тегін сырғанайды. Демалушылар бірі таудың басында, екіншісі - етегінде орналасқан екі дәмханадан тамақтанып, жылынатын болады.

"Мырзашоқыда" түнеуге қалу мүмкін емес: қонақүй құрылысы әлі жоспарда ғана. Күніне екі рет сағат 10.00 және 14.30-да жолаушыларға арналған "ГАЗель" Баянауылдан Мырзашоқыға туристерді жеткізеді. Бір билеттің бағасы - 500 теңге.

Алматы облысы

Алматыдағы қысқы демалыстың ең сүйікті орындарының бірі - тау шаңғысы курорттары. Олардың қалаға жақын орналасуы және Іле Алатауының әдемі көрінісі осындай танымалдылыққа себепші болды. Мұнда түнде шаңғы тебуге де болады, шаммен жарықтандырылған беткейлердің әдемі көрінісін тамашалай аласыз. Ой-Қарағай шатқалындағы атақты Алматы "Лесная сказка" жаңадан бастағандар үшін өте қолайлы. Ең биік нүктесі - 1650 метр, ең жоғары еңісі - 35 градус. Жолдар қарапайым және қолжетімді, сондықтан мұнда отбасымен жиі келеді.

Талғар маңындағы әсем шатқалда орналасқан "Ақ-Бұлақ" тау шаңғысы курорты жаңадан бастағандар мен тәжірибелі әуесқойларға шаңғы және сноуборд тебуді ұсынады. Мұнда сырғанайтын жердің бір бөлігі орманды жерде, керемет шыршалардың арасынан өтеді. Мұнда мұз айдыны да бар. Қыста атпен де жүруге болады. "Табаған" спорттық ойын-сауық кешені Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының жанында орналасқан. Бұл әуесқойларға арналған орын. Балалар үшін шанамен сырғанау және тюбинг бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от (@aynuraas_)

"Медеу" биік таулы мұзайдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Ол - әлемдегі ең үлкен биіктіктегі қысқы спорт кешені. Медеу мұз айдынына кіру билеттерінің құны: ересектер - 1800 теңге, алты жасқа дейінгі балаларға - тегін, балаларға (жеті жастан 13 жасқа дейін) - 400 теңге, жастар (14-22 жас) мен зейнеткерлерге ( 58 жас және одан жоғары) - 900 теңге.

Мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне - тегін. Жұмыс күндері коньки тебу үш сессияда өтеді: күндізгі (11.00-ден 14.00-ге дейін), күндізгі (15.00-ден 18.00-ге дейін), кешкі (20.00-ден 23.00-ге дейін). Демалыс және мереке күндерінде төрт сессия: таңертең (09.00-11.00), түстен кейін (12.30-14.30), түстен кейін (16.00-18.00), кешкі (19.30-22.30).

Сондай-ақ, "Первомайск тоғандарында " коньки тебуге болады. Бұл жер жазда әйгілі лотостар гүлдейтін көлге жақын. Ересектерге арналған билет бағасы - екі мың теңге. Студенттік билет - 16 жастан 22 жасқа дейін - 1500 теңге. Жеңілдікті биле - мың теңге. Конькиді бірнеше рет шығып тебуге болады, ол 11.00-ден 22.00-ге дейін созылады. Сейсенбі - техникалық күн, 17.00-ден 22.00-ге дейін екі рет тебуге болады. Ауа-райына байланысты кесте өзгеріп тұрады, сондықтан сапарға шығар алдында анықтап алған дұрыс. Сондай-ақ, мұнда әуе шарына мінуге болады. Ересектерге билет - алты мың теңге, алты жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - үш мың теңге. Адам саны төрт адамға дейін, шар жерден 25 метр биіктікте көтеріледі. Мұнда қысқы ойын-сауық маусымы наурыз айына дейін созылады.

Имантау-Шалқар курорттық аймағы

Солтүстік Қазақстан облысында Бурабайға ұқсайтын тағы бір жер - Имантау-Шалқар курорттық аймағы. Биіктігі 11 қабатты үйдің деңгейіне жететін тау жоталары мен қарағайлар бар. Аймақтың атауы екі көл - Имантау мен Шалқардан шыққан. Бірінші су қоймасын ортасында жүрек пішінді аралы болуына байланысты Солтүстік Қазақстанның жүрегі деп атайды. Бұл аралда ешкім тұрмайды, жазда оған қайықпен, ал қыста жаяу немесе атпен баруға болады. Жағалаудан аралға дейінгі қашықтық төрт шақырымды құрайды.

Шалқар - оңтүстігі қылқан жапырақты ағаштармен көмкерілген жартасты болып келетін тұйық көл. Оның ұзындығы 12 шақырым, ені үш шақырым. Қыста көлдің суы қатып, туристер үшін мұз айдынына айналады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от с. Имантау, Айыртауский р-н (@imantaukz)

Көл жағасында қысқы демалысты ойдағыдай өткізуге болатын бірнеше демалыс орындары бар. Мұндағы барлық демалыс аймақтары қонақтарды коттедж, глэмпинг немесе ортақ ас үйі бар қонақүйге орналастыруды қамтамасыз етеді. Мұндағы бағалар әлдеқайда қолжетімді. Мысалы, екі адамға арналған бөлме - бір адамға үш мың теңгеден немесе төрт орынды үй 15 мыңнан. Кейбір қонақүйлер туристерге ақылы тамақтануды ұсынады. Бірақ көбінесе қонақтар өздерімен бірге тамақ алып келеді немесе өздері дайындайды.

Туристік фирмалар Имантауға бір күндік экскурсия ұсынады, оған жол жүру ақысы, экскурсия мен гид қызметі, сонымен қатар жеңіл тағамдар кіреді. Бағасы бір адамға 10 мың теңгеден басталады.

Имантауда қысқы ойын-сауық түрі көп. Мұнда шаңғы, коньки, тюбинг әуесқойларына қатты ұнайды. Демалыс аймақтарында конькиді жалға алу, шаңғылар, балалар сырғанақтары, тюбинг, квадроциклдер және ит жегілген шана да бар.

Имантау-Шалқар курорттық аймағы Көкшетаудан 90 шақырым, Петропавлдан 245 шақырым және Нұр-Сұлтаннан 400 шақырым жерде орналасқан. Көкшетаудан Арықбалық және Чистополье ауылдарына тұрақты шағын автобустар қатынайды. Петропавлдан шағын автобуспен Имантау ауылына, ары қарай таксимен керек демалыс орталығына жетуге болады. Нұр-Сұлтаннан автобуспен немесе таксимен де баруға болады. Бірақ Имантау көліне жетудің ең оңай жолы - жеке көлікпен бару.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.