"Уақыт тоқтап қалды". Атақты пианист Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірінде ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин: www.instagram.com/ratovich/ Видеодан скрин: www.instagram.com/ratovich/

Қазақстандық пианист Темірлан Бейсенбай әйгілі қазақ туындысын Қатон-Қарағай ауданының көркем жерінд - Рахман қайнарында ойнады, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.


Қазақстандық пианист Темірлан Бейсенбай әйгілі қазақ туындысын Қатон-Қарағай ауданының көркем жерінд - Рахман қайнарында ойнады, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі.

Видеода пианист таулармен қоршалған су қоймасының жанында пирсте отырып, әдемі әуен ойнайды. Көгілдір аспан тегіс су бетінде көрінеді. Мұнда уақыт тоқтап қалған сияқты әсер бар.

Желі пайдаланушылары эмоцияларын жасырмады: "Шедевр", "Әдемі", " 1000 лайкты қалай қоюға болады?", "Сиқырлы", "Керемет", "Жанымыз шырқайды", "Қазақстанда қандай әдемі жерлер бар", "Уақыт тоқтап қалды".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ratovich (@ratovich)

Темірлан Бейсенбай Rakovich деген атпен танымал, Шымкенттен 70 шақырым жерде орналасқан Түлкібаста туған. Жігіт әйгілі туындыларды көркем жерлердің фонында орындайды. Ол Миландағы басты алаңда Қазақстанның әнұранын ойнағаннан кейін танымал болды. "Құсни Қорлан" әні - ақын, композитор Естай Беркімбаевтың алғашқы махаббатын Қорлан есімді қызға арнаған шығармасы.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel