Таңғажайып Шығыс Қазақстан. Сібе көлдеріндегі демалыс жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Юрий Казанцев Фото Юрий Казанцев

Шығыс Қазақстан облысында біреу білсе, біреу білмейтін, санаулы ғана саяхатшы барған бір жер бар. Бұл Алтай тауларының оңтүстік-батысындағы әр түрлі көлемдегі бес ерекше су қоймасы. Олар Сібе көлдері деп аталады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі бұл жердегі демалыс жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында біреу білсе, біреу білмейтін, санаулы ғана саяхатшы барған бір жер бар. Бұл Алтай тауларының оңтүстік-батысындағы әр түрлі көлемдегі бес ерекше су қоймасы. Олар Сібе көлдері деп аталады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі бұл жердегі демалыс жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Сібе көлдері Өскеменнен бір жарым сағаттық жерде орналасқан. Биіктен қарасаңыз, олар баспалдақтарда орналасқандай көрінеді. Ең төменгісі теңіз деңгейінен 714 метр, ең биік жері 868 метр.

Өскемен жақтан келсеңіз, алдымен Садыркөлге, одан кейін Төртқала, Шалқар, Қоржынкөл, Қаракөлге кез боласыз. Ең үлкен көл - Шалқар, ең кішісі - Қаракөл.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НА КОЛЁСАХ КРИС И ДАША (@nakolesax_)

Ең алдымен көлдер тұрғындарға мөлдір суымен, таудың саф таза ауасымен танымал болды. Көлдердің суы мөлдір, айналадағы тау мен тас уақыт пен желден әбден мүжіліп, қалжырағандай.

Мұндағы климат күрт континенталды. Жазда жоғары температура 35 градус, орташа температура 19 градус. Қыста, қаңтарда орташа температура 16 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 миллиметр. Оның жартысы жаз айларында түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? (@ospanovaalinaa)

Қызық дерек

Орысша Сибинский атауы қазақтың "сабын", қалмақтың "сибын" немесе татарша "сапун" - "сабын" деген сөзінен шыққан. Өйткені, ертеде көшпелі тайпалар бұл жерлерде қонып, аялдаған: олар демалып, жуынып, киімдерін жуған.

Бес су толы тостаған және шыңдағы су қойма. Неліктен сүңгуірлер Сібе көлдерін ұнатады?

Туристерге не ұсынылады

Көлдер жылдың кез келген мезгілінде әдемі. Жазда құзға өрмелеп, суға түсуді және жүзуді ұнататындар үшін таптырмас жер бар: суы жылы және мөлдір. Суға түсу науқаны маусымнан тамызға дейін созылады. Көктемде және күзде сіз мүлгіген тыныштық пен шөелсіз табиғатты тамашалай аласыз. Қыста, бәрі қатып қалғанда, туристер коньки теуіп, балық аулауға және қысқы көріністерді тамашалауға келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Фитнес кенГУРУ|АлёнаХудякова(@alenyshka001)

Қазір көлдердің жағалауы жергілікті тұрғындар мен туристер үшін сүйікті демалыс орнына айналды. Мұнда демалыс орталығы, қонаққа арналған үйлер, коттедждер жалға алуға болады. Төртқара көлінің жағалауындағы туристер базасы туристерге жабдықталған үйлер ұсынады. Онымен қоса, көлден 100 метр жерден беседка да жалға алуға болады. Майда құмды жағажай, ересектер мен балаларға арналған ойын алаңы және пирс бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bolatqyzy (@akerke.tileukhanova)

Сонымен қатар, Шалқар көлінде көптеген үйлер, гестхаус пен турбазалар бар. Жаңадан ашылғандарының бірі Қоржынкөл көлінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайда болды. Судағы беседкалар, экстрим-саябақ, скалодром және секіргіш бар. Алдағы уақытта "жабайы табиғатта өмір сүру мектебі" сияқты балаларға арналған лагерь ашу жоспарлануда.

Күш сыйлайтын орын. Қазақстандық Алтайдағы Равновесие көлі несімен ерекше?

Бағалар жатақхананың санатына, жабдықталуына, ойын-сауыққа және адамдар санына байланысты өзгереді. Бағаға маусым мен аптаның күні де әсер етеді. Демалыстың ең арзан уақыты - маусым немесе қыркүйек айының басы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anechka (@anutiksumarokova)

Үш орындық үйге күніне 5 000 теңге немесе жеті төсектік үйге 35 000 теңге төлей аласыз. Бір тәулікке келіп, түнеу қажет болмаса, төрт орындық беседканы жалға алу таңертеңнен кешке дейін 4000 теңге тұрады. Бұл ретте ойын-сауық бағаға кірмейді. Мысалы, экстрим-саябаққа бару - 1500 теңге, скалодром - 1000 теңге, секіру - 2000 теңге тұрады.

Сібе көлдеріндегі дайвинг туралы

Бес көлдің ішіндегі ең үлкені, әрі ең терең көлі Шалқар кеңестік дәуірде аквалангпен секіруге арналған база болған. Ресми түрде бұл су қоймасының ең үлкен тереңдігі 48 метрді құрайды. Алайда жергілікті сүңгуірлер көлдің одан да терең екенін айтады. Маусымдағы судың температурасы 20 градус, ал шілдеде термометр 23-ке жетеді.

Мұнда олар адамзатты құтқару құпиясы мен Шамбаланы іздеген. ШҚО-ның ерекше орындары жайлы

Сібе көлдері сүңгуірлердің сүйікті су қоймалары болып табылады, өйткені мұндағы су жазда және күзде 6,5 метр тереңдікке дейін мөлдір болып қала береді. Ал Шалқар көлінің орталығында шілде-тамыз айларында судың мөлдірлігі 11 метрге жетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дайвинг Центр "СИБИНЫ" (@divingcentr)

Ең ғажабы, Сібе көлдерінің түбінде маржан өседі. Жергілікті тұрғындар айтқандай, пішіні теңізге ұқсайды, бірақ неге екені белгісіз жұмсақ. Тұз бен кальцийдің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Ал тереңдікте үлкенді-кішілі балықтар әлемін тамашалауға болады. Мұнда олардың 10-ға жуық түрі бар, соның ішінде торта, шортан, жылтыр тұқы, қарабалық, сазан. Сондай-ақ, су өсімдіктерінің 30-ға жуық түрі бар.

Көлде сүңгуір гид қызметтерін және жабдықтарды жалға алуды ұсынатын дайвинг орталығы бар. Мұнда 2018 және 2019 жылдары DIVING FEST - Дайвинг фестивалі өтті. Су асты әлемінің сұлулығын көргісі келетіндер үшін кәсіби топ алты метрге дейінгі тереңдікке сынама сүңгуін жасауға көмектесті.

Қалай жетуге болады?

Сібе көлдеріне R-158 автожолымен баруға болады. Өскеменнен су қоймалары бір сағаттық жерде.

Жазда демалыс күндері автобус Sibini Family Resort муниципалды жағажайына барады. Алғашқы рейс таңғы сағат 8-де Өскемен автовокзалынан шығады. Жұмыс күндері Асубұлақ ауылына дейін баруға болады, содан соң жолшыбай көлік тоқтатып, тағы 38 шақырым жүресіз.

Таксиді Өскемен автовокзалынан немесе жақын маңдағы Тарғын немесе Алғабас елді мекендерінен алуға болады.

Қалай болғанда да, Сібе көлдеріне жету соншалықты қиын емес, өйткені бұл жерлерде асфальт жол төселген. Бұл жерден кету оңайға соқпайды, себебі мұндай табиғат сұлулығын өз еркіңмен қиып кете алмайсың.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная