Күш сыйлайтын орын. Қазақстандық Алтайдағы Равновесие көлі несімен ерекше?

Равновесие көлі - Мұзтау (Белуха) жолында жатқан Қазақ Алтайының інжу-маржандарының бірі. Альпинистер, суретшілер, фотографтар және эзотериктер тауға ондаған бағыттар салды, бұл көл олардың әрдайым жол тартар тұрақты нүктесі болып қала береді. Бұл су қоймасының қандай ерекшелігі бар, неге олай аталған, оған жақын тағы қандай орындар бары жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі материалынан оқи аласыз.

Көлемі шағын Равновесие көлі Алтай тауларының ең биік нүктесі, биіктігі 4506 метр Мұзтау тауының оңтүстік беткейіндегі Ақ Берел өзенінің арнасында үлкен аумақта орналасқан.

Бұл су қоймасына ең жақын қала - халықаралық әуежайы бар Өскемен қаласы. Қазақ Алтайына, атап айтқанда Мұзтауға саяхаттардың көпшілігі осы жерден басталады, соның ішіне Равновесие көліне бару кіреді.

Равновесие көлі

Тепе-теңдік көлі 2400 метр биіктікте, Вера, Надежда, Любовь атты үш шыңның арасында орналасқан. Көл үш жағынан желден қорғалғандықтан, оның беті әрдайым айнадай тегіс. Жақсы ауа-райында, оның бетінен Мұзтауның сұлбасын көруге болады.


Равновесия көлі мен Мұзтау тауы, фото @instagram.com/lyubasha_fototravel/

Бұл көл мореналық болып табылады. Мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болған. Ондағы су мөлдір, мұздар қалқып жүреді. Бұл суға үш рет шомылса, барлық дерттен айығады деген халық арасында сенім бар.

Көп адамдарға көл екіге бөлінгендей көрінеді: бірінде су жасыл болса, екіншісінде көк.

Неліктен су қоймасы Равновесие аталғанын ешкім білмейді. Тәжірибелі экскурсовод Ярослав Дубоделовтың айтуынша, Белуханың етегіне жорық жасап, таудың, көлдің және оны қоршап тұрған үш шыңның атауларын халық ойлап шығарған, оқулықтарда кездесе бермейді. Равновесие көлі, жергілікті тұрғындар айтқандай, энергиясы күшті жерде орналасқан. Мұнда келгендер жайлылық мен тыныштықты осы жерден табатынын атап өтеді. Сондықтан да су қоймасы Равновесие (Тепе-теңдік) көлі деп аталады.

Көлге не үшін бару қажет?

Ярослав атап өткендей, Равновесие көлі - Белухаға ұзақ сапардың бір ғана бөлігі. Оны бөлек нәрсе деп қарау қиын. Оның айтуынша, Прибелушьенің айналасында көптеген мифтер мен аңыздар бар. Николас Рерихтің ізбасарлары Шамбалаға кіретін жолды әлі де осы жерден іздеуде екен. Мұнда бақсылар, эзотериктер және рухани тәжірибеге құмар адамдар да тұрақты келеді. Мұның бәрі тау астындағы аймақтың күш берер орын екенін білгендіктен осында келеді, соның ішінде Равновесие көлі де бар.


Равновесие көлі, фото @instagram.com/mari.vision/

Гидтің айтуынша, Алтайда саяхаттайтын туристерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - шытырман оқиғалы туризмді сүйетін, жабайы табиғатты және кемпингті ұнатушылар.


Фото @instagram.com/mari.vision/

"Көбінесе олар эстетикалық ләззат алу үшін келеді. Мұнда өте әдемі жабайы табиғат бар. Айтпақшы, бізде Вера шыңына жаяу жүру бағыты қарастырылған. Вера керемет панорамалық көрініс ұсынады, бұл фотографтар мен табиғат үшін таптырмас орын", - дейді ол.

Екінші топ, Ярославтың айтуынша, мұнда өзін-өзі тазарту, күш-қуат жинау және өмірлік сұрақтарына жауап іздеп келетін адамдар.

Бірінші топ үшін де, екінші топ үшін де бұл ерекше көңіл-күй сыйлайтыны анық.


Фото @instagram.com/mari.vision/

Жақын жерде не бар?

Жоғарыда айтылғандай, ешкім тікелей Равновесие көліне бармайды, көбінесе басқа табиғи көрікті жерлермен бірге Белухаға барар жолда соғады. Сонымен қатар, су қоймасының маңында көруге ботұрарлық жерлер аз емес.

"Көлдің қасында 100-150 метр жерде бақсы лабиринті бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейден бақсылар келіп, осы лабиринтті құрастырған. Адам қасиетті нәрсе туралы ойланып, тілек тілесе, лабиринтке кірер алдында ортасында тұрып, әкелген сыйлықтарыңызды тастап, сол жолмен кері қайту керек. Көп адамдарда тілектері орындалған көрінеді. Оған жердің өзі ықпал етеді", - дейді гид.


Армандар лабиринті, фото @instagram.com/anyasavoskina/ 

Равновесие көлінің жанында орналасқан тағы бір көрікті жер - бұл дұға тасы. Оны Поклонный немесе Рерих тасы деп те атайды. Ол сондай-ақ, энергетикалық күшті жер болып саналады. Адамдар бұл тасқа Белухаға тағзым ету үшін келеді, ол үшін дұға етеді, тілектердің орындалуын сұрайды. Садақалар, белгішелер, түрлі-түсті кесінділер таста қалады. Рерихтің ізбасарлары суретші өзінің бірнеше ерекше картиналарын дәл осы жерде салған деп есептейді.

"Бұл да күш-қуат алу үшін немесе сұраққа жауап табу үшін келетін ерекше жер. Бұл тастан ары қарай Берел мұздығы орналасқан. Оған екі-екі жарым сағат кетеді. Оған жету үшін Кіші және Үлкен Берел мұздықтарынан өту қажет. Ол жерге бәрі бірдей жете алмайды, бірақ жақсы ауа-райында баруға кеңес берер едім. Тамаша жер, - дейді Ярослав.

Равновесие көлінен алшақ жерлер

Өскемен мен Белуханың арасы 500 шақырымдай. Тауға саяхат шамамен төрт күнді алады. Бүкіл жол өте көркем табиғат арқылы өтеді. Ярославтың айтуынша, жыл мезгіліне байланысты саяхатшылар не шексіз күнбағыс алқаптарын, не Алтай тауларына жақын шалғынды тамашалай алады. Сондай-ақ, туристер назар аударуы қажет жол бойында бірнеше қызықты жерлер бар. Ең негізгілеріне гидтер тоқталады.

Саяхатшылар мұндай алғашқы аялдаманы Равновесие көлінде жасайды. Одан кейін туристер Язевое көліне барады.

"Мұны ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. Климаттың салқындығына байланысты барлық ғимараттар өте жақсы сақталған: зауыт, уатқыш, тұрғын үй, клуб қалдықтары. Кеншілердің қалай жұмыс істегенін, қандай жұмыс істегенін көруге болады. Қатаң жағдайда адамдар кен өндірді. Шахталардың өзі бортпен жабылған. Бұл экскурсия күні бойына жалғасады. Ол жерге жаяу да, атпен де баруға болады", - дейді Ярослав.


Көккөл сарқырамасы, фото @instagram.com/beluha_kz/ 

Сондай-ақ, гид екі су қоймасы туралы айтты, олар әдетте негізгі бағдарламаға кірмейді, бірақ сіз қаласаңыз, оларға серуендеуге болады. Жылы көлде жақсы ауа-райында жүзуге де болады. Екіншісі - Сказка көлі. Ол Вера тауының арғы жағында, Равновесие көлінің жанында орналасқан. Бұл әдемі, бірақ туристер арасында танымал емес.


Шахтерлер лагері, фото @instagram.com/beluha_kz/ 

Туристер өз бетімен бара ала ма?

Мысалы, Ресейде Алтайды айналып, Белуха маңына саяхатқа бару қиынға соқпайды, атап айтқанда: бағыттар бұрыннан бар, қызмет көрсету жолға қойылған, логистикасы анық. Қазақстанда бұл бағыт енді қарқын алып келеді. Сондықтан Алтай саяхатшыларды қалай қызықтырса да, сапарды дайындау мен ұйымдастыруға мұқият болған жөн.

"Өз бетінше барғысы келетін адамдар бар: олар сол жере жетеді, біраз уақыт болады, кейбірі тіпті бір айға келеді, Белуха маңында тұрақтайды. Ол үшін, барлық мәліметті жинап, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сол жердегі атшының байланыс нөмірін табу, көптеген ұйымдастыру мәселелерін шешу, сондай-ақ, өз бетінше бағыт салу қажет.

Шығыс жағында айтарлықтай қызмет көрсету жоқ екенін және байланыстың тексерілген болуын қамтамасыз ету оңай болмайды. Аймақтың ерекшеліктерін білмей, сапарыңызды жоспарлау қиынға соғады. Саяхатыңызды туроператор арқылы ұйымдастыру әлдеқайда жеңіл болмақ. Тәжірибелі гидтер ұйымдастыру мәселелерімен өздері айналысады", - деп бөлісті Ярослав.


Фото @instagram.com/mariya_te/

Гид қызметінің қажет болуының екінші себебі, турист Алтайдың бір інжу-маржанына жеткенде, оның қандай ерекшелігі барын түсінбей қалуы мүмкін. Сол Равновесие көлі жай тау көлі сияқты көрінуі мүмкін. Гид сізге ең жақсы көріністі алу үшін қалай және қайда бару керектігін айтады, суретке түсіру нүктелерін көрсетеді, лабиринттен қалай өту керектігін айтады, сонымен қатар сол жердің тарихы мен күш-қуатын сезінуге ықпал етеді.

Турлар

Көптеген тур бағдарламалары 8-12 күнге есептелген. Әдетте олар жаяу немесе атпен саяхаттауды қамтиды. Белухаға велосипедпен немесе джиппен баруға болады. Тікұшақпен де бару оңай.

Жол жүру құнына күніне үш мезгіл тамақтану, гид қызметі, көлік, Катонқарағай табиғи саябағына жолдама (әрине бағдарламада болған жағдайда) кіреді. Прибелушье маңында жаяу немесе атпен серуендеу құны 275 мың теңгеден басталады.

Бағдарламалар айтарлықтай ерекшеленбейді. Саяхатшылар қанша күн саяхаттаса, соғұрлым табиғи көрікті жерлерге бара алады. Мәселен, бір компания туристерге келесі бағыт бойынша 12 күндік демалыс ұсынады: Өскемен - Катонқарағай мемлекеттік саябағы - Рахмановские ключи көлі - Сәрсенбай тұрағы - Ақ Берел өзені - төменгі шатырлы қалашық, Көккөл сарқырамасы - Жылы көл - Белуха тауының етегі - Равновесие көлі - Көккөл сарқырамасы - Панорама тауы - жоғарғы лагерь, қараусыз қалған Көккөл кеніші - Сәрсенбай тұрағы - Язевое көлі - Өскемен.

Екіншісінде - сегіз күндік бағыт: Өскемен - Катон-Қарағай - Язевый сарқырамасы - Язевое көлі - төменгі лагерь - Равновесие көлі - Рерих тасы - Берел мұздығы - Көккөл сарқырамасы - жоғарғы лагерь, кеніш - төменгі лагерь - Язевое көлі - Катон -Қарағай - Өскемен.

Үшінші компания 10 күндік саяхатта туристерге Алтайды келесі бағыт бойынша көрсетуге уәде береді: Өскемен - Бұқтырма су қоймасы - Катон-Қарағай - Язевое көлі - Сәрсенбай шатқалы - Көккөл сарқырамасы - Дұға жасау тасы - Равновесие көлі - Жылы көл - Үлкен Берел мұздығының үңгірі - кеніш - Сәрсенбай шатқалы - Язевое көлі - Өскемен.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.