Алматыда қала күнін қалай атап өтеді

Алматыда қала күніне орай 16-18 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар өтеді. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдар және тағы басқа шаралар күтеді. Kaz.tengritravel.kz редакциясы шаралардың тізімін дайындады.

Мерекелік іс-шаралар бірден бірнеше жерде: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек жолы көшелері, Абай атындағы Казақ ҰОБТ алдындағы алаң, "Астана" алаңы және "Алматы Арена" мұз сарайында өтеді.

16 қыркүйек

● Сағат 15: 00-де "Алатау" дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы өтеді.

● 16: 00-де "Медеуде" Media Party халықаралық стрит-арт-фестивалі өтеді.

17 қыркүйек

● Сағат 17: 00-де "Астана" алаңында "Gakku дауысы" заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.

● Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді:

  • Алатау ауданы - "Алатау" ТТИ алдындағы аумақ;
  • Алмалы ауданы - Ганди атындағы саябақ;
  • Әуезов ауданы - Family park аумағы;
  • Бостандық ауданы - Mega Almaty;
  • Жетісу ауданы - Құлагер шағынауданының жаяу жүргіншілер аймағы;
  • Медеу ауданы - орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Наурызбай ауданы - Шұғыла көшесі, 347 әкімшілік ғимаратының алды;
  • Түрксіб ауданы - Сейфуллин атындағы саябақ.

17 және 18 қыркүйек

● Сағат 11: 00-ден бастап Абай алаңында (Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуірлеріне арналған "Сүйемін сені, Алматы" фестивалі өтеді.

18 қыркүйек

● 11: 00-де Тұңғыш Президент саябағында "Алма fest" негізгі мерекелік іс-шарасы өтеді, оның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шаралар өтеді.

● Сағат 18: 00-де Almaty Arena мұзкешенінде Salem, Almaty концерті өтеді.

● Сағат 19: 00-де "Астана" алаңында Zhuldyzdy Live концерті өтеді.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!