Ұлыбританиямен әуе қатынасын қандай елдер шектеді?

Ұлыбританияда бастапқы түрінен 70 пайызға тез таралып жатқан SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа, неғұрлым агрессивті түрінің табылуына байланысты бірқатар елдер шектеу шараларын күшейтті. Ұлыбританиямен теміржол және әуе қатынасын тоқтатқан елдердің тізімін Kaz.tengritravel.kz порталынан көруге болады.

Ирландия, Германия, Франция, Италия, Нидерланды және Бельгия рейстерін тоқтатуда. Шаралар әр түрлі және бастапқыда қысқа мерзімді болып келеді.

Нидерланды Ұлыбританиядан 1 қаңтарға дейін барлық жолаушылар рейстеріне тыйым салатынын мәлімдеді. Желтоқсан айының басында мұнда вирустың жаңа түрін жұқтырған жағдай анықталды, ол Британиядан жетуі мүмкін.

Франция барлық байланысты, соның ішінде Ұлыбританиядан Францияға көліктерге арналған порттарды 48 сағатқа жапты. Бұл - Ұлыбританиядан әуе, су және теміржол арқылы келетін барлық жолаушылар мен жүк тасымалдарына қатысты.

Ирландияда жылдың осы уақытында Ұлыбританиямен көптеген жолаушылар тасымалы болғанымен, үкімет Англия, Уэльс және Шотландиядан рейстер, әуе және паромдар түнгі жексенбіден бастап 48 сағатқа тоқтатылатынын мәлімдеді.

Германияның көлік және цифрлық инфрақұрылым министрінің бұйрығымен мемлекет жексенбі түн ортасынан бастап Ұлыбританиядан рейстер қабылдауды тоқтатады. Германия үкіметі Еуропалық Одақ Ұлыбританиядан әуе байланысына бірыңғай тыйым салуды жүзеге асырғанын қалайды. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы келіссөздер жүргізбек.

Бельгия індеттің алдын алу мақсатында жексенбіден бастап Ұлыбританиядан келетін барлық рейстер мен пойыздарды 24 сағатқа тоқтатты.

Италия 6 қаңтарға дейін Ұлыбританиядан келетін барлық рейстерді тоқтатты. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Италияда коронавирустың жаңа «британдық» түрі табылғанын мәлімдеді. Науқас Римде оқшауланған деп хабарлайды.

Түркия Ұлыбритания, Дания және Нидерландымен рейстерді белгісіз мерзімге тоқтатты. Сондай-ақ, Швейцария түн ортасынан бастап Ұлыбританияға барлық рейстерді тоқтатты.

Лондонда коронавирустың тез тарап жатқан жаңа түріне байланысты локдаун енгізіледі

Осыған дейін Австрия Ұлыбританиямен әуе қатынасын үзуге дайын екенін мәлімдеген. Сауд Арабиясы бір аптаға шекараларын жауып тастады. 

Еске салсақ, COVID-19 коронавирусының тез таралатын жаңа түрі Англияның оңтүстік-шығысында қыркүйек айында анықталған. Алайда, алғашқы кезде мамандар бұған мән берген жоқ, өйткені вирустар жиі мутацияға ұшырайды. Қараша айының аяғында Кент округында COVID-19 жаңа типінің ошақтары тіркелді, ал қабылданған шектеулі шараларға қарамастан ауру дендей берді. Осыған байланысты Ұлыбританияда қатаң карантин енгізілді, содан кейін ағылшындар Лондоннан жаппай кете бастады.