"Балалар көрпесі жоқ". Элиталы қонақүй қызметкері ақылға сыймайтын шектеулер жайлы айтты

Жүгіңізді буып-түю, билеттерге тапсырыс беру және қонақүй, керемет көңіл-күйде болу, лайықты демалысты ештеңе бұзбауы керек сияқты, бәрі ұсақ-түйекке ойластырылғанда, сіз қонақүйлердегі тыйымдарға байланысты күтпеген жерден демалысыңыздың шырқы бұзылуы мүмкін. 5 жұлдызды қонақүйлерде қандай тыйым салынған жағдайлар болуы мүмкін екендігімен қонақүй индустриясының өкілі Пикабу оқырмандарымен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Шектеулерге сипаттама берсек...

1. Жеке тағамдарды өңдеуге тыйым салу. Көбінесе, қонақүйлер сіздің ауланған балықты пісіруге немесе нарықта сатып алынған алманы жуып беруге дайын, бұл тіпті прейскурантта көрсетілген. Алайда, егер сізге балаға сүтті жылыту қажет болса, мұны өзіңіз жасауыңыз керек, өйткені, ереже бойынша, "қызметкер қол тигізгеннің бәріне қонақүй жауап береді". 


© Shutterstock

2. Балаларға арналған көрпелерге тыйым салу. Көптеген қонақүйлерде сәбилерге арналған төсек бар болғанымен, бала жамылатын көрпелер берілмейді. Оған бір жағдай кінәлі. Көптеген жылдар бұрын нәресте осындай көрпемен тұншығып қайтыс болады, оған қонақүй кінәлі болып шығады. Содан бері, жауапты ата-аналар маңызды заттарды алдын-ала қамдағаны жөн.

3. Дәрілік заттарға тыйым салу. Барлық қонақ үйлерде бинт, гипстен бастап портативті дефибрилляторға дейінгі алғашқы медициналық көмек жинақтары бар. Бірақ сізге ешқашан дәрі берілмейді. Бірнеше таблетка үшін жауапты арқалағысы келмейді. Қонақүйлер өз беделін тым жоғары бағалайды. Бірақ дәрігерді шақыруға рұқсат береді. 

4. Бөлме нөмірін дауыстап айтуға тыйым салу. Жақсы дайындалған ресепшн ешқашан бейтаныс адамдардың алдында сіздің бөлме нөмірін дауыстап айтпайды, тек кілт орамасындағы нөмірді жасырын меңзейді.


© Shutterstock

5. "Сіз келіспей жатып, қоңырауды жалғамайды". Көршіңіз ресепшн арқылы есікті іштен ашу туралы өтінішпен қоңырау шақырса да, қонақтың өзінен жалғауға келісімін күтуіңіз керек. Тағы да, қонақүйдің жауапкершілігі тым жоғары. Олардың қызметкерлері қонақтарға кездейсоқ немесе маңызы жоқ қоңыраулармен көңіл-күйді бұзуға жол бермейді.