Нұр-Сұлтанға ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанға ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2020 жылдың 19 желтоқсанында ұшып келген Қазақстанның 237 азаматының үшеуінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жолаушы Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келгені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!