Ұшқыш Патрик Смит ұшақтың қай бөлігінде турбуленттік аз болатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Express басылымына сілтеме жасап. Ол құпияларын "Капитан айтады" бестселлер кітабында жазған екен.
Патрик авиация саласының құпияларын бірінші рет бөлісіп отырған жоқ, өз сайтында ол саяхатшылардың сұрақтарына үнемі жауап беріп отырады. Ол жыл сайын турбуленттіктен жүздеген адам зардап шегетінін айтады. Олардың тең жартысы - стюардессалар. Олар бастан, мойыннан, иықтан және тобықтан ауыр жарақаттар алады және жиі медициналық көмекті қажет етеді екен.
Бортсерік қыз ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққанда не болатынын айтты
"Әдетте бұл адамдар құлап қалғанда немесе дірілдеу кезінде бекітілмегендіктен жарақат алып қалады", - дейді ұшқыш. Турбуленттілік кезіндегі ең қауіпсіз орындар - бұл ұшақтың қанаттарының жанындағы орындықтар екен. Ең күшті шайқалыс ұшақтың соңғы жағына жақын орналасқан орындарда болады, - деп жазады сарапшы.
Сонымен бірге болашақта әуе кемелері ғаламдық жылынудың салдарынан турбуленттік аймаққа жиі түседі екен. Алайда, сіз бұл құбылыстан қорықпаңыз. Бірақ қазіргі коммерциялық авиацияның бүкіл тарихында турбуленттіліктің салдарынан болған апаттар саны көп емес", - деп жазады ол.