Бортсерік қыз ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққанда не болатынын айтты

Ресейлік бортсерік Рушана есімді қыз ұшақтың екі қозғалтқышы да істен шыққанда не болатынын айтты. Бұл туралы ол TikTok желісіндегі парақшасында жариялаған видеода айтты. 

"Егер екі қозғалтқыш та істен шыққан жағдайда, ұшақ, жобалап болсын жақын маңдағы әуежайға дейін жетеді. Сол себепті сары уайымға салынудың қажеті жоқ", - дейді Рушана. 

Сонымен қатар, бортсерік ұшқыштардың қалай тамақтанатыны туралы тоқтала кетті. Оның айтуынша, қауіпсіздік шараларына байланысты ұшқыштарға бөлек тағамдар жеткізіледі: осылайша олардың бірдей улануының алдын алады. Олар кезек кезегімен штурвал алдында отырып тамақтанады. 

"Ұшақ бортында сәби дүниеге келсе не болады? Оның қай елдің азаматы болары белгісіз. Мұнда бірнеше нұсқа бар, яғни баланың ата-анасының отанына, еліне, немесе осы кезде қай елдің үстімен ұшып бара жатқаны немесе әуекомпания қай елде тіркелген және ұшақтың қайда қонатынына", - дейді стюардесса.

Сондай-ақ, ол әйел адамның ұшақ бортында босанып қалған жағдайда, балаға сол әуекомпаниямен өмірбойына тегін жүру құқығы беріледі екен.

@ms_rusha01

Скучали? Я ооочень Inst: ms_rusha? #стюардессапоименируша #рекомендации

♬ оригинальный звук - ms_rusha01