Теміржолмен сапар кезінде өте қажет 4 зат

Теміржолмен ұзақ сапар тек демалыстағы саяхат қана емес, өзге қажеттілік бойынша туындай береді. Осыған байланысты WH осы көлік түрімен сапарлаушыларға қажетті заттар тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ішер ас

Бүгінгі таңда жолда тамақтанумен еш қиындық жоқ сияқты, тіске басарыңызды өзіңізбен алып шығуға ұмытып кетсеңіз де, пойыздағы мейрамханадан да тамақтануға болады. Оның үстіне бекеттердегі саудагерлер де түрлі тағамдарды ұсынады. Дегенмен азық-түлікті өзіңізбен алып жүрген жөн, мәселен пойызға түнде отыратын болып қалсаңыз, ондай кезде ешкім сауда жүргізбетіні белгілі. Міне осындай сәтте таңға дейін талғажау ететін аздаған тамағыңыз болғаны жақсы.

Дәрі-дәрмек

Иә, жолсерікте дәрілер салынған қобдиша бар, ал төтенше жағдай болып жатса, келесі бекетте сізді дәрігерлер күтіп тұрады. Алайда көп жағдайда қиындықтар арнайы дәрілерге байланысты болады, олар стандартты аптечкаларды жоқ. Ал оларды жолда сатып алу да неғайбыл.

Тазалық заттары

Жолда керекті тазалық заттарын сапарға шықпай тұрып даярлап алған жөн. Тіс щеткасы мен пастасы сияқты керектіні алдын ала жинап алып қойсаңыз, пойызда отырып оны қайдан алсам деген мәселеден ада боласыз. Ылғалды майлықтарды да жолдан аламын деп бей-жайлық танытпаңыз, олар сапардың ең басында да қажет болып қалуы ықтимал.

Пойызда ыңғайлы киім

Міне бұл ерекше ескеретін жағдай, әсіресе жаздың ыстығы мен қыстың суығында сапарлайтын болсаңыз. Жолда көшеге киетін киіммен өте қолайсыз болады, өйткені суықтан кірсеңіз от жағулы тұрған вагонда ыстықтауыңыз мүмкін. Сондықтан пойызда жатуға да, тұрып жүруге де ыңғайлы спорттық костюміңізді немесе үйге киетін шалбар мен футболкаңызды алып алыңыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!