Эрика Рот есімді экс-бортсерік ұшақ бортында кезек күтпей әжетханаға кірудің жолын айтты, - деп хабарлайды The Sun.
Оның айтуынша, бұл үшін екі сәтті уақыт бар екен. Біріншісі - "қауіпсіздік белбеуін тағыңыз" деген жазу өшкен кезде, өйткені жолаушылардың көбісі бұл сәтте орындарынан тұрғысы келмейді екен.
Екіншісі - сусын тарататын кезде. Бортсеріктің айтуынша, негізінен саяхатшылардың көпшілігі шырынды, суды не алкоголь тапсырыс беру үшін күтіп отырады екен.
2021 жылы наурызда Donghai Airlinesсо әуекомпаниясының ұшқышы мен бортсерігі жолаушылардың көзінше әжетханаға кезек үшін төбелескен. Оқиға ұшақтың қонуына 50 минут қалғанда болған. Жанжал әжетханаға кезекте тұрған бірінші санатта отырған жолаушының әуе айлағының командирін өткізбей қойғаны үшін болған. Төбелес салдарынан стюардессаның қолы сынған, ал ұшқыш бір тісінен айырылған.