Смартфон болса жеткілікті: жазғы демалыста керемет фотосуреттерді қалай түсіруге болады?

Фотосуретке түсіруге арналған арнайы жабдықты бүгінде тек кәсіпқойлар пайдаланады, смартфон камерасы көптен күткен курортта әдемі суретке түсу үшін қарапайым адамдарға жеткілікті. Әлеуметтік желіде қысылмай таратуға болатындай керемет суреттерді қалай түсіру қажет? Осы жайлы Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге егжей-тегжейлі баяндайды.

Камераны сүртіп тазалау

Бірінші кеңес түсінікті, әрине, бірақ демалыста жүргенде камераның ластығы естен шығып кетері анық. Тіпті саусақ ізі де дақ қалтырып жарық арқылы фотосуреттің сапасын бұзуы мүмкін.


mobcompany

Дұрыс уақытты таңдау

Күн тас төбеге көтерілгенде суретке түсірмеуге тырысыңыз. Бұл түсірілімнің ең нашар уақыты: жарық ерекше түсіп, көлеңкелер қалдырады. Фотосуретке түсіру үшін ең қолайлы уақыт таң атқаннан кейін немесе күн батқанға дейін бір сағат ішінде. Фотосуретшілер бұл уақытты «алтын сағат» деп атайды, ол кезде жарық жұмсақ, әдемі түсіп, көлеңкелер қалдырмайды.

pixabay

Ерекше ракурстар таңдау

Жағажай ракурс таңдауға қолайсыз дерсіз. Бірақ шын мәнінде көптеген нұсқаларын қарастыруға болады. Сіз шезлонгтың үстінде, шезлонгтың жанында, жоғарыдан, бүйірден, суда немесе жатып та суретке түсе аласыз. Шабыт алу үшін танымал блогерлердің парақшаларын немесе Pinterest қосымшасын пайдалануға болады.

Суреттерді көшіруге болады, кейде қажет. Уақыт өте келе сіз өзіңіз кадр көре бастайсыз, сосын блогерлердің істегенін қайталаудың қажеті болмайды.


Pixabay

Денені белгілі бір қалыпта дұрыс ұстау

Көбінесе камераның алдында тұрғанда әдемі көріну үшін қалай бұрылып, ішімізді тартып, аяғымызды дұрыс қоямыз деп ойлаймыз. Табиғилық әрқашан сәнде болары анық, ал жасанды фотосуреттер жарамайды. Тәжірибе жасап көріңіз: қозғалыста фотосуреттер түсіріңіз, асимметрия қосыңыз. Ең бастысы - шын жүректен күлімдеу!

Сізді қалай суретке түсіру керектігін нақты түсіндіріңіз

Жақын адам түсірген фотосуреттеріңізді көргенде жиі көңіліңіз қаласыз ба? Қалай түсір қажеттігін асықпай түсіндіріңіз. Алдыңызда кәсіби фотограф тұрған жоқ.

Керемет кадр жасауға арналған кеңес: фотографты өзіңіз қалағандай суретке түсіріп, оған суретті көрсетіңіз. Егер сіз дұрыс ракурс пен жарықты таңдасаңыз, досыңыздың сізді керемет суретке түсіру мүмкіндігі 99,9 пайызды құрайды.


amrdigital

Суретке түсіретін ешкім болмаса ше?

Сіз әрқашан жаныңыздағы адамдардан көмек сұрай аласыз. Егер сіз жабайы жағажайға бара жатсаңыз, штатив ретінде орнатуға болатын моноподты (селфи таяқшасын) алуды ұмытпаңыз. Телефонды түзетіп, ракурс таңдап, таймерді қойып, кадрға жүгіруге тура келеді. Сірә, фотосурет бірінші реттен шықпайды, бірақ шыдамдылықтың нәтижесінде әдемі кадрға қол жеткізесіз.


cursocurso.com

Өңдеу қажет

Фотосуретті өңдеуді жақтырмасаңыз да, мұны істеуге тура келеді. Біз көріп тұрғандай табиғи түрде түсіретін камера әлі ойлап табылған жоқ. Контраст қосыңыз, фотосуретке жарық беріңіз, өңіңізді біркелкі етіңіз, теңізді жарқыратыңыз, міне, фотосуретіңіздің теңдесі жоқ!

Біртіндеп күрделі өңдеу элементтерін қосуға болады, бастапқыда бұл қиын болады, бірақ қолыңызды үйреткеннен кейін фотосуреттерді сенімді және жылдам өңдейтін боласыз.


webalance.ru

Жалпы, суретке түсіру – шығармашылық процесс. Сіз оған шығармашылықпен келуіңіз қажет, тәжірибе жасаудан және жаңа қадамдардан қорықпаңыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.