Күзгі жағажай демалысы: қазақстандықтарға қайда барып демалуға болады?

Күз - демалыс үшін тамаша мезгіл. Аптап ыстық пен мен туристердің азаюы бұл маусымды саяхат үшін өте қолайлы етері анық. Күздегі негізгі саяхат бағыттары туралы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі егжей-тегжейлі баяндайды.

Қазақстандықтар қай бағытты таңдайды?

Қазақстандықтар арасында күзгі демалыстың негізгі таңдауы Түркия, Мысыр, Вьетнам және Тайланд сияқты танымал бағыттарға түседі.

"Қыркүйек-қазан айларында Түркияда барқыт маусымы басталады: аптап ыстық жоқ, туристер аз, жұмсақ теңіз суы, ауа температурасы 28-30 градус аралығында болады", - дейді сарапшы Диана Шаазимова.

Сарапшы атап өткендей, дәл осындай себеппен демалысқа көпшілік Мысырды таңдайды.

"Ыстық басылған, бұл экскурсияларға баруды жоспарлағандар үшін өте қолайлы: Пирамидаларға, Луксорға бару. Жазда шөлді аптап ыстық басады, бірақ күзде, желді маусымның басталуына дейін (қарашаның ортасында) белсенді туристер мен жайлы демалысты қалайтындар үшін тамаша жағдай жасалған", - деп бөлісті турагент.

Ең үздік бағыттар

Азия елдері қазақстандықтардың жаңа танымал бағытына айналғалы қашан. Дегенмен, маман сапарыңызды алдын ала жоспарлауды ұсынады:

"Жазда шана, қыста арба дайында" дегендей, қазақстандықтар жайлылықты қалайды, ал Пхукет немесе Паттайядағы ең жақсы қонақүйлерден орын алу үшін міндетті түрде турға тапсырыс беріп, орындарды қазірден броньдау керек."

Күзде туристерді тіпті бұл жақтардағы жаңбырлы маусым да қорқытпайтыны анық.

"Күзде маусымдық ерекшеліктерге байланысты солтүстік бөлігі Нячанды емес, Сиам шығанағында орналасқан Фукуокты ұсынамыз.Бұл жердегі ауа-райы қолайлы, сондай-ақ, қазақстандықтардың визасыз кіруі тур сатып алуды жеңілдетеді", - деп бөлісті ол.

Жағажай демалысын емес, жаңа қызықты әсер алуды қалайтын туристер үшін сарапшы Хэллоуин қарсаңында (31 қазан) Италияға немесе Италия-Швейцария құрама турына баруды ұсынады.

"Еуропадағы бұл мереке керемет – фильмдегідей десе болады. Қорқынышты, әрі сиқырлы", - деп бөліседі сарапшы.

Диананың айтуынша, күзде саяхатқа деген сұраныс азаймайды.

"Пандемиядан кейін жаңа бағыттар ашыла бастағаннан бері сұраныс тек өсуде", - дейді сарапшы.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.