Қазақстандықтарға 2024 жылы демалысқа қай кезде шыққан тиімді?

Демалысты жоспарлау - маңызды мәселелердің бірі. Себебі сіз демалатын уақытыңыз бен орныңызды ғана емес, демалысқа тиімді шығудың жолдарын қарастыруыңыз керек. Коуч Айнұр Камалдинова биыл демалысқа қай кезде шығу керек екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, мереке күндері аз, ал жұмыс күндері көп айларда демалысқа шыққан дұрыс. 2024 жылы осы параметрлерге сәуір, шілде және қазан айлары сәйкес келіп тұр. Өйткені үшеуі де 22 жұмыс күнінен тұрады.

"2024 жылдың наурызында демалысқа шығу мүлдем тиімсіз. Себебі онда небәрі 17 жұмыс күні болады. Наурыздан кейін тиімсіз айлар қатарын мамыр мен маусым жалғастырады. Екі айда да 20 жұмыс күні болады", - дейді ол.

Камалдинова сәуір, шілде және қазан айларында жұмыс күні қалған айлармен салыстырғанда арзанырақ болатынын айтты. Мысалы, жалақы 200 мың теңге болған жағдайда (ол соңғы екі жылда өзгермеген жағдайда) аталған айлардағы бір жұмыс күні 9090 теңге болады.

"Екі апталық демалысты есептесек, сіз 12 күн жұмыс істейсіз, сәйкесінше 9090 теңге *12 = 109 080 теңге жалақы аласыз", - деп түсіндірді Айнұр.

Егер сіз наурыз айында 2 апта демалыс алатын болсаңыз, қанша ақша алатыныңызды есептеп көрейік?

  • Наурызда барлығы 17 жұмыс күні болатынын ескерсек, 200 000 теңге жалақымен есептегенде осы айдағы әр жұмыс күнініздің құны - 11 765 теңгеге тең.
  • Бұл жағдайда сіз 8 күн жұмыс істеуіңіз керек болады. 11 765 теңге * 8 = 94 120 теңге, яғни наурыз айында сіз осындай сомада жалақы аласыз", - деді ол.

"11 765 тенге * 8 = 94 120 тенге, то есть за март вы получите зарплату в такой сумме", – подытожила она.

2 апталық демалыстан кейін:

  1. Сәуір, шілде немесе қазан айларында сіз 109 080 теңге жалақы аласыз. теңге болады.
  2. Ал наурыздағы жалақыңыз 94 120

Сонда сомадағы жалпы айырмашылық 14 960 теңге.

"Әрине, сіз 2 апталық демалысты алдын ала аласыз. Бұл жағдайда жұмыс істеген айдағы соманың қалдығы есептеліп отыр. Бұл ретте ескеретін жайт бар, жалақы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп сома жоғалтасыз", - дейді Айнұр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!