Гастрономиялық туризм: ең жақсы бағыттар жайлы аспазшылар не айтады?

Гастрономиялық туризм саяхатшылар арасында кеңінен таралып келеді. Бұл саяхат түрі жаңа мәдениетті ашып қана қоймай, ерекше аспаздық өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Аспаздар Ернұр Айтқазин (@era__chef) және Денис Ермолаев (@chef_yermolayev) Aviata.kz сервисі мен Kaz.tengritravel.kz порталына гастрономиялық шытырман оқиғаны бастан кешіретін бес бағыт жайлы баяндап берді.

Дубай, БАӘ: Әлемдік дәмдердің қоспасы

Дубай әлемнің түкпір-түкпірінен тағамның алуан түрін татқысы келетін жандарды тартады. Бас аспаз Денис Ермолаев мұнда араб асханасының дәстүрлі тағамдары да, әлемнің түкпір-түкпірінен тағамдардың алуан түрінің бар екенін атап өтті.

"Дубай ұлттық тағамдардың әртүрінің үлкен таңдауын ұсынады: тамаша түскі астан бастап тез дайындалатын тағамдарға дейін табуға болады.

Мен мұнда жұмыс барысымен жиі келемін, өйткені мен бренд-аспазшы ретінде Bluewaters аралындағы IKRA жобасын басқарамын. Бұл уылдырық ұсынатын ресейлік luxury-мейрамханасы, онда біз теңіз өнімдері мен балықтардың көптеген түрін, бекіре және белуганың қара уылдырығын ұсынамыз.

Дубайда жоғары сапалы теңіз өнімдерінің үлкен таңдауы бар. Мұнда кез келген дәм мен түске сай балық табуға болатын базарлар бар", - деп бөлісті ол.

Белград, Сербия: нағыз шынайы дәм

Белградта бас аспаз Денис ет, көкөніс және сүт өнімдері сияқты ұлттық өнімдердің мол таңдауы барын атап өтеді.

"Мен Сербияда ұзақ уақыт тұрдым, сондықтан мен көп нәрсені ұсына аламын. Белградта жергілікті тұрғындар жиі келетін ұлттық тағамдар ұсынатын танымал мейрамханалар бар. Солардың бірі - MB мейрамханасы.

Мұнда сіз серб асханасының нағыз дәмін тата аласыз: пісірілген тәтті немесе паприка қосылған ыстық қой еті, үйде дайындалған қаймақ, сач және т.б. Сербияның барлық жерінде табиғи үй өнімдері бар", - дейді аспаз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TheHUNTR.com | Your guide to Dubai & beyond (@thehuntrcom)

Қытай: Гастрономиялық алуан түрлілік

Қытай аспаздық дәстүрінің алуан түрімен таң қалдырады. Ернұр Айтқазин аймақтық ерекшеліктер тағамдарға ерекше дәм беріп, нағыз аспаздық шытырман оқиғаны бастан кешіруге болатынын атап өтеді.

"Қытайда асхананың алуан түрі бар, мұнда сіз тұшпарадан бастап вок-пісірілген тағамдардың көптеген түрін, әртүрлі тағам қоспаларын татып көруге болады. Жергілікті тағамдардың аймақтық ерекшеліктері де бар. Мысалы, Қытайдың оңтүстігіндегі тағамдар басқаларға қарағанда сәл тәтті болуы мүмкін. Шығыс өңірде ұйғыр асзанасы басым, әрі неше түрлі пісіру тәсілі бар тағамдар көп", - дейді Ернұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от jerica | nyc foodie • travel (@jerica.feasts)

Бас аспаз жергілікті көше тағамдарын ерекше атап өтеді, оны көше базарларында және қаланың кейбір аудандарында сатып эалуға болады.

"Қытайда базарларда тамақ ішу кең таралған. Қуырылған картоп пен янгроу-чуань деп аталатын тауық таяқшаларынан бастап бингтерге, толтырылған шелпек пен гуагбо мяньға дейін бәрін таба аласыз. Бұл жергілікті мәдениетке еніп, түрлі дәмдерден ләззат алудың тамаша тәсілі" ,-дейді Ернұр.

Өзбекстан: Базардағы дәмнің сыры

Өзінің көп ғасырлық тарихы мен бай мәдени дәстүрі бар Өзбекстан қонақтарын тек тарихи ескерткіштерімен ғана емес, сонымен қатар бай асханасымен де қуантады.

Ернұр Өзбекстанда, әсіресе Самарқанд пен Ташкентте нағыз гастрономиялық сырды базардан табатыныңызды баса айтады.

"Мұнда сіз жаңа піскен өнімдердің дәмі мен хош иісінен ләззат ала аласыз. Мен базарда бәрін қолданып көргенді ұнатамын. Дәмдеуіштердің, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің хош иістері сізді шығыс базарының атмосферасына енгізіп, ерекше дәм тудырады", - деп бөлісті аспаз.

Қонақтар өзбек асханасынан нағыз дәм туындыларын таба алады. Ұлттық тағам – палау – әр дәннің өз тарихын баяндайтын аспаздық саяхаты. Сондай-ақ туристерге тандырда пісірілген жергілікті нан мен тәттінің дәмін татып көруге кеңес беріледі.

Түркия: Шығыс дәмдерінің симфониясы

Түркия тек тарих пен әсем табиғатқа бай ел ғана емес, сонымен қатар шығыс пен Жерорта теңізі дәмінің таңғажайып үйлесімін ұсынатын гурмандар үшін нағыз жұмақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JustFood (@justfooddxb)

Ернұр мұнда дәстүрлі кәуап пен мезеден бастап, бахлава сияқты дәмді десерттерге дейін алуан түрлі тағамдар бар екенін айтады.

"Елдің кез келген бұрышы хош иіс пен дәмге толы. Манавгат сияқты базарлар мен көптеген көкөніс базарлары дәстүрлі тағамдарды дайындауда қолданылатын жаңа піскен өнімдерді ұсынады. Түркияда шайханалар мен жайлы дәмханалар әсіресе танымал орындарда бір кесе түрік шайын ішіп, "сутлач" немесе "кюнефе" сияқты жергілікті тәттілердің дәмін татып, демалуға болады. Мұнда дәстүрлі шай демдеу рәсімдеріне қатысуға немесе жергілікті дәмді тағамдардан дәм татуға болатын түрлі-түсті сауда көшелерін аралауға болады", - дейді Ернұр.

Қазақстанда қандай танымал сусын ЮНЕСКО-ның аспаздық мұрасына енгендігі жайлы мына жерден оқи аласыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.