Еуропа курортында бәтіңке кигендер 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Daily Star басылымының сарапшылары тау-шаңғы курорттарында туристерге салынған ең қомақты айыппұлдарды тізіп шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тау-шаңғы курортындағы демалыс негізінен миллионерлердің спорты саналады. Дегенмен кей жағдайда бұдан да үлкен сомадан айырылып қалатын жағдайлар болады. Мәселен заң талаптары бұзылса, қомақты айыппұл салынады немесе түрмеге жол тартады. Енді әр елдің заңдарына көз жүгіртіп көрейік.

Ең қомақты айыппұл Франция курорттарында салынады. Белгіленген трассадан тыс жерлерде сырғанап, қар көшкінін туындатқан туристер 15 мың еуроға (7 300 000 миллион теңгеге) жуық айыппұл арқалайды. Себебі бұл елдің курортында қар көшкіні табиғи апат болып есептеледі. Салдарынан "заңға бағынатын" туристер жапа шегеді.

Сонымен қатар аустриялық Ишгль курортында туристердің жазғы да (купальник), қысқы да (тау-шаңғы спортына арналған костюм) арнайы киім-кешегі жарамайды. Курортты аймақтың мэрі сағат кешкі 20:00-ден кейін курортта бәтіңкемен жүретін туристерге 2 мың еуро (шамамен 972 мың теңге) айыппұл салу туралы жарлық шығарған.

"20 қарашадан 5 мамыр аралағында кешкі және түнгі уақытта, атап айтқанда 20.00-ден таңғы 06.00-ге дейін табаны қатты аяқ-киіммен (шаңғы тебуге арналған бәтіңке) Ишгль орталығындағы көшелер мен алаңдарда жүруге, өзімен бірге шаңғыны, шаңғы таяқшаларын және сноубордты алып жүруге тыйым салынады", - деді ол.

Бұдан бөлек Францияда экология мәселелеріне қолдау көрсету мақсатында тағы бір айыппұл енгізілген. Францияның План-де-Туэда тәрізді қорықтарында темекі шеккен туристер 135 еуро (шамамен 65610 теңге) айыппұл төлейді. Бұл жерде ешкім қоршаған ортаға зиянын тигізіп, қоқыс жинап жүргісі келмейтін көрінеді.

Сондай-ақ Италияда сақтандырылмаған туристерге шаңғы тебуге болмайды. Заң бұзған жағдайда 100-150 еуро айыппұл көзделген.

АҚШ-тың тау-шаңғы курорттарында да заң қатал. Мәселен Колорадода өзінің ски-пасын (ред. – арнайы абонемент) өзге адамға берген турист 500 доллар айыппұл төлейді. Себебі ол тау-шаңғы курортында заңсыз пайдаланды деп айыпталады. Сонымен қоса мас күйінде шаңғы трассасына шыққан туриске 1000 долларға дейін айыппұл салынады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!