Ихтиологтар мен құтқарушылардың акуламен кездесіп қалғанда өміріңізді сақтап қалуға болатын қарапайым, бірақ тиімді кеңестерімен Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге бөліседі.
Жақында Мысырдың Хургада қаласында адам жегіш акула 23 жастағы балаға әкесінің көз алдында шабуыл жасап, мерт қылды. Осы қайғылы жағдайға орай жазғы демалыста тіпті орташа акулалар да адамды ауыр жарақаттап, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Біз сізге акуланың шабуылынан қалай құтылып кетуді және шабуыл кезінде не істеу керектігін айтамыз.
Қалай шабуылдың алдын алу қажет?
Лай суға шомылмаңыз және түнде теңізге бармаңыз. Жыртқыштар түнде ерекше белсенді болады, қараңғы болғаны жыртқыш акула үшін таптырмас мүмкіндік. Есіңізде болсын, қанның иісі акуланы тез шақырады. Теріңізде жарақат болса, суға түспеңіз.
Суда жыртқышты байқасаңыз не істеу керек?
Егер акуланы байқасаңыз, тез қимылдамай, ақырын қозғалуыңыз керек, бірақ жағаға қарай мүмкіндігінше жылдам жүзіңіз. Акулалар бірден шабуыл жасамайды. Көбінесе олар олжасының айналасында бірнеше рет айналады, содан кейін ғана шабуылдайды.
Көзіңізді акуладан алмаңыз. Акулалардың нешетүрлі шабуыл әдістері бар. Бірде олар жүзіп, шабуылға асығады, бірде шабуылдамас бұрын біраз айналып жүреді, ал кейде тосыннан шабуылдау үшін арт жағынан жасырынып шыға келеді.
Акуланы көзден таса етпей, жүзіп кеткеніңізде де үнемі бақылауда ұстаңыз. Акуланың жолын бөгемеңіз. Егер сіз акула мен ашық мұхиттың арасында тұрсаңыз, алыстап кетіңіз. Қозғалыс кезінде акулаға арқаңызбен бұрылмаңыз.
Егер акуламен кездеіп қалсаңыз, дымыңызды шығармаңыз, үрейленбеуіңіз де керек. Әйтпесе, ол сізді аңдып және міндетті түрде қуып жетеді. Сондықтан жағдайды байсалды бағалап, қауіпсіз жерге қалай жетуге болатынын ойлану үшін есіңіз шықпауы маңызды.
- Қорғаныс позициясын ұстаныңыз. Егер бірден судан шыға алмасаңыз, акуланың ықтималды шабуылдарын азайтуға тырысыңыз. Таяз суда болсаңыз, аяғыңызды жерден көтермеңіз.
- Акула сізді айнала алмас үшін риф, үйінді, жартасқа немесе кез келген қатты кедергіге қарай баяу артқа жылжыңыз. Егер сіз жағаға жақын жерде сүңгіп жүрсеңіз, қорғаныш табу үшін төмен түсу керек болуы мүмкін. Мұхит түбінен риф немесе тас табыңыз. Ашық суда басқа жүзушімен немесе сүңгуірмен бірге кез келген бағыттағы шабуылды көріп, қорғану үшін арқаларыңызды тигізіп тұрыңыз.
- Жағаға немесе қайыққа қарай баяу қозғалыңыз.
Акула сізге шабуылдады делік
Егер акула шабуылдаса, оны қолыңызбен, аяқтарыңызбен немесе қандай да бір затпен ұруға тырысыңыз, сонда ол сізді қауіп ретінде көреді. Егер сізде мылтық немесе таяқ болса, қолданыңыз! Өткір зат - бұл акуланы қорқыту үшін жақсы әдіс. Жыртқыштың бетінен ұрып, мұрнынан жарақаттау, желбезек пен көздері – акуланың жалғыз әлсіз жері.
Қаруыңыз болмаса, импровизация жасаңыз. Акуланы қуу үшін камера немесе тас сияқты кез келген затты пайдаланыңыз.
Егер айналада ештеңе болмаса, денеңізді пайдаланыңыз. Акуланың көздерін, желбезектерін немесе тұмсығын көздеңіз. Жұдырықпен, шынтақпен, тіземен және аяқпен шабуылдаңыз. Акула сізді босатып, жүзіп кеткенше жалғастыра беріңіз.
Есіңізде болсын, акулалардың басқа балықтардан айырмашылығы ерекше жуан, әрі өткір терісі бар, соны есте сақтаңыз.
Көмекке қалай шақыру керек?
Егер сіз акуладан құтылып кетсеңіз, судан шығыңыз. Акула жүзіп кетсе де, сізге қауіп бар. Акулалар біраз уақыт жүзіп кетіп, кейін қайтып келіп, шабуылын жалғастыра алады. Жағаға немесе қайыққа мүмкіндігінше тез жетіңіз.
Жақын жерде қайық болса, сізге келуі үшін оны сабырмен, бірақ қатты дауыстап шақырыңыз. Күту кезінде қимылсыз отырыңыз. Қайық жеткенде тез отырыңыз.
Жағаға жақын болсаңыз, тез, бірақ баяу жүзіңіз. Жылдам қозғалыстар акуланың назарын аударуы мүмкін. Басқа жүзу түріне қарағанда суды аз шашырататын кері брассты қолданыңыз.
Бұған дейін біз акулалардың адамдарға шабуыл жасауының бес оқиғасы жайлы айтқан болатынбыз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.