Акула адамды жеп қойды: жігіттің әкесі оқиғаның мән-жайын айтты

Мысырда акуланың шабуылынан мерт болған 23 жастағы ресейліктің әкесі Бесінші арнамен сұхбаты кезінде оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Хургадаға олар дем алуға келіпті. Жағажай қала маңында болғандықтан қауіпсіз саналған екен.

"Жағажайға бардық. Бәрі 30 секундта болды. Қисынсыз бір жағдай, өйткені жағажай қалаға жақын. Бұл маңда кемелер көп, ал техника теңізді мекендейтіндерді шошытады... Мұндай ешқашан болған емес. Акула қаладан алшақ жерде ғана жүреді. Жәрдем де беріп үлгере алмадым. Демде суға тартып кетті", - дейді ол.

Ал Мәскеуде қалған марқұмның анасы, ұлының мерт болғанын естіп, шок болып қалған екен. Оны тіпті дәрігерлер жедел жәрдемге дейін сүйемелдеп жеткізіпті. Көршісінің сөзінше, әйел адам қайғыдан түні бойы жылап, айғайлап шыққан.

Еске салайық, оқиға 8 маусымда болған, 23 жастағы ресейлік әкесімен Хургададағы жағажайда демалып жүрген. Акуланы көрген сәтте ол жағадан жырақтау жерде болғандықтан жүзіп жете алмаған. Кейін адам жегіш акуланы аулап алғаны хабарланды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!