Блогер саяхат кезінде мобильді байланысты үнемдеудің тәсілін айтты

Неміс тревел-блогері (lostlikelou) TikTok желісінде қарапайым лайфхак арқылы шетелдегі саяхат кезінде ұялы байланысты үнемдеуді жолын көрсетті. Әлеуметтік желіде қыз баланың видеосы 219 мың қаралым жинаған. 

Оның айтуынша, саяхат кезінде қоңыраулар мен интернетті қолданудың шығындарын азайту үшін небары электронды сим-карта (e-sim) алу жеткілікті. Қыздың айтуынша бұл құрылғы әлемнің 114 елінде жұмыс істейді екен.

"Сізге заттай сим-карта алудың қажеті жоқ, соның өзі біршама әбігерліктен құтқарады. Сонымен қатар, бұл роумингтен әлдеқайда арзан", - деп кеңес берді тревел-блогер. 

Сондай-ақ, e-sim құрылғысын алдын ала өз үйіңізден іске қосуға болады. Сол арқылы сіз барған елде мобильді байланысты қолдана бересіз. 

Блогердің лайфхагы қолданушылар арасында кеңінен талқыланды. "О құдайым! Міне керемет", "Мен әрдайым электронды сим-картаны қолданамын, бұл маған ұнайды", "Бір ай бұрын қайда болдың, мен бүкіл Еуропаға сапар шеккен кезде?", "Рақмет саған, Тамаша идея", "Ал керек болса, қандай күшті, рақмет", - деп жазды қолданушылар. 

@lostlikelou How did I not know about this ? #travelhack #travelhacks #traveltips #traveltok ♬ original sound - summer❤️‍?