Багаж жоғалған жағдайда не істеу керек?

Тасымалдаушының кінәсінен багаж жоғалған кезде саяхатшылар сақтандыру полисін пайдалануға толық құқылы. Әрине, бұл үшін ол елге және демалыс аймағына қарамастан барлық ережеге сәйкес жасалуы керек.

Өкінішке қарай, әлемде көптеген компания, соның ішінде әуекомпаниялар персоналды қысқартуға мәжбүр болды, ал туристер оның салдарын сезінді.

Сақтандыру полисін қалай пайдалану керек және жолжүкті жоғалтқан кезде саяхатшыға турист келісімшарт жасаған компанияның сақтандыру агенттері не істеу керегін айтып береді. Егер бұл агенттіктегі дайын тур болса, сапардың ерекшеліктерін туроператор айтады. Ол сатып алушы үшін сақтандыру полисін рәсімдейді және бұл жерде қызметке жолжүкке сақтандыру полисінің қосылғанына көз жеткізу маңызды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!