Әуекомпаниялар жолаушылардан жасыратын 5 құпия

Көптеген адамдар үшін ұшақпен сапарлау өмірінің ажырамас бөлігі болып кеткен. Алайда әуекомпания өкілдері жолаушылардан қандай құпия сақтап жүргенін көпшілік біле бермейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Rambler басылымына сілтеме жасап.

Арнайы оттегі маскаларындағы ауа 15 минутқа ғана жетеді

Әрбір сапар алдында бортсеріктер жолаушыларға оттегі маскаларын қалай қолдану керегін түсіндіреді. Алайда ондағы ауаның тек 15 минутқа ғана жететінін айтпайды. Бірақ бұл алаңдауға себеп емес: бұл уақыт ұшқыштарға биіктіктен төмендеп, маскасыз ұшуды қолайлы етуге жеткілікті уақыт.

Сапарда көз жұмған адамды орнында қалдырады

Егер сапар кезінде жолаушының бірі көз жұмса, оны отырған жерінен қозғамайды. Өйткені мәйітті апаратын орын қарастырылмаған. Сондықтан мұндай жағдайларда мәйітті орындыққа белбеумен мықтап тартып қояды. Егер бортта ешкім отырмаған орын болса, мәйітті сонда апаруы мүмкін.

Ұшақтағы құлақшындар жаңа емес

Арнайы пакеттерге салынып тұрған құлақшындар да жаңа емес. Көбінде әуекомпаниялары құлақшындарды жинап, тазалап, келесі жолаушыларға қайта ұсынады. Сондықтан кірпияз болсаңыз, өзіңіздің құлақшындарыңызды ала жүріңіз.

Шақырту батырмасын орынсыз басқанда бортсеріктер ашуланады

Бортсерікті шақырту батырмасы тек шұғыл жағдайларға арналған. Мәселен, жолаушы аяқ-асты өзін нашар сезініп, медициналық жәрдем қажет болғанда. Ал шәй сұрау үшін ғана бұл батырманы баспаған абзал. Әдетте бұл бортсеріктердің ашуына тиеді. Егер бортсерікке айтарыңыз болса және ол шұғыл болмаса, ал жақын маңда олар жоқ болғанда орныңыздан тұрып өзіңіз барған жөн.

Сіз үшін салондағы температураны өзгертпейді

Егер сізге суық немесе ыстық болып, оған шағымдансаңыз, салондағы температураны ешкім өзгерпейді. Егер көпшілік наразылығын білдіре бастамаса.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!