Әуедегі турбулент рейтингі жарияланды: Қазақстан қай орында

Әлемдегі ең турбулентті және турбуленті төмен елдер анықталды. Рейтинг turbli.com деректерінің негізінде жасалған. 2024 жылғы қаңтардағы әуедегі турбуленттің орташа көрсеткіштеріне шолу жасалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail сайтына сілтеме жасап.

Turbli ұшқыштар мен әуекомпаниялар өз рейстерін жоспарлау үшін басшылыққа алатын дереккөздерін пайдаланды. Бұл - Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасы(NOAA) және метеорологиялық басқарма әзірлеген ауа райын зерделейтін озық үлгілерден алынған ақпарат.

Ең турбулентті әуеқозғалыс Бутанда тіркелді, ал Антарктида, керісінше, ең тыныш елдердің қатарынан көрініп 172-орынға тұрақтады. Антарктиданың алдында Свальбард (171), Ресей (170), Гренландия (169) және Канада (бұл ел де 169-орында) тәрізді елдер бар. Бұлардан кейін Ұлыбритания 150, АҚШ 68, Аустралия 64-орынға орныққан.

Орталық Азия елдерінің рейтингтегі орындары келесідей болды:

Қырғызстан 75-орында, Тәжікстан 89-орында, Түрікменстан 151-орында, Өзбекстан 155-орында, Қазақстан 161-орында.

Әуеде ең турбулентті 10 ел төмендегідей:

1. Бутан;

2. Гвинея-Бисау;

3. Сенегал;

4. Кабо-Верде;

5. Непал;

6. Габон;

7. Гвинея;

8. Конго;

9. Камерун;

10. Сьерра-Леоне.

Әуеде турбуленттілігі төмен ТОП-15 ел келесідей:

1. Антарктида;

2. Шпицберген;

3. Ресей;

4. Гренландия;

5. Канада;

6. Финляндия;

7. Швеция;

8. Норвегия;

9. Эстония;

10. Латвия;

11. Дания;

12. Казақстан;

13. Литва;

14. Беларусь;

15. Исландия.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!