"Әуедегі қыз" қалың тұманда неліктен ұшуға болмайтынын айтты

Алматы қаласының әуежайы қазан айынан бастап сәуірге дейін кей кездері қалың тұман әсерінен ұшақтарды қабылдай алмай жатады. Біз білетін көру мүмкіндігі төмендігінен бе әлде басқа да себептері бар ма? Әлеуметтік желіде өзін "Әуедегі қыз" деп таныстырған бортсерік қыз осы сұрақтың жауабын берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Қою тұманда ұшу үшін ұшақтың арнайы белгіленген нормаларға сәйкес минимумы және жаңаланған радиоглисадты құрылғы болады, сол сияқты ұшқыштардың белгілі бір минимумдағы межеде ұшуға рұқсаттары болуы керек. Сол сияқты әуежайдың да "аэродромдық минимумы" болуы шарт. Мысалға алсақ, егер ұшақ 300-500метр көрінетін минимумда қона алатын және ұшқаштар осы жағдайға арналған минимумдары болса, алайда әуежай қабылдайтын, көрінетін минимумы 800/900метр болатын болса онда қону мен ұшуға рұқсат берілмейді", - дейді стюардесса. 

Оның айтуынша, тұманды аймаққа Қазақстанда Алматы, Шымкент және Тараз әуежайлары жатады екен.