All Inclusive жүйесіндегі қонақүйлер ұсынатын ішімдіктің қаупі бар

All Inclusive жүйесіндегі қонақүйлерде демалушыларға алкогольді ішімдікті шектеусіз береді. Алайда ішімдік ішетіндер бұған қуанбай-ақ қойғаны абзал, өйткені оның қаупі өте зор болуы мүмкін , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қолдан жасалған ішімдіктер

Түркия курорттарында жыл сайын жасанды ішімдіктер жасайтын жасырын цехтар мен қоймалар анықталып жатады. Оларды қонақүйлерге арзан бағада жеткізеді. Ал оның сапасына ешкім жауап бермейді, сондықтан ондай ішімдіктен улану қаупі жоғары. Полиция мұндаймен күресіп жатқанымен, сұраныс барда оны толықтай жою мүмкін болмай тұр екен.

Құрамы белгісіз

Мысырда инфекция сумен қатты тарайтын көрінеді. Суды тазалайтын құрылғылар оншалықты жақсы жұмыс істемейді. Мәселен сіздің коктейлге де краннан аққан суды қоса салуы ғажап емес. Одан бөлек көшедегі су автоматтарын да қолданбаған абзал.

Сапасыз сусындар

Сіз коктейль емес, таза алкоголь сұарасаңыз да - бұл оның сапалы екеніне кепіл емес. Ішімдікке қонақүйдің өзінде өзге сусын қосып, мөлшерін көбейтіп алуы ықтимал немесе бірден нашар ішімдік жеткізілуі мүмкін.

Осы себептерден демалысыңызда басыңыз ауырып, жүрегіңіз қағып, жүрек айнып, ішіңіз өтуі әбден ықтимал. Ал бұл сапасыз ішімдіктің жеңіл салдары ғана...

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!