Вакцина салған қазақстандықтар үшін қай елдер ашық?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Әлемде біртіндеп коронавирусқа қарсы екпе салдыру науқаны жаппай жүріп жатыр. Осыған орай көптеген елдер екпе салдырған туристер үшін өз шекараларын ашты, ал туристер - саяхатты жоспарлап жатыр. Қазақстаннан шыққан екпе салдырған саяхатшыға қай елдерге баруына болатыны туралы Kaz.tengritravel.kz материалында толығырақ айтылады. 


Иконка комментария блок соц сети

Әлемде біртіндеп коронавирусқа қарсы екпе салдыру науқаны жаппай жүріп жатыр. Осыған орай көптеген елдер екпе салдырған туристер үшін өз шекараларын ашты, ал туристер - саяхатты жоспарлап жатыр. Қазақстаннан шыққан екпе салдырған саяхатшыға қай елдерге баруына болатыны туралы Kaz.tengritravel.kz материалында толығырақ айтылады. 

Еуропаның бірнеше елінде Спутник V ресейлік вакцинасын мойындау туралы сұрақтар туындады. Сонымен қатар қазақстандық вакцина қаншалықты мойындалатыны да белгісіз. Төменде біз көрсеткен елдер шекарадан өту үшін мынадай вакцина салдыру керек деп нақтыламайды, алайда өзіңіз сенімді болу үшін сол елдің елшілігімен не туроператормен кеңескеніңіз жөн. 

Мальдив аралдары туристерді бүкіл әлемнен тартып жатыр. Бұл ел шетелдік туристер үшін шекараларын ашқан алғашқы елдердің бірі. Ол үшін вакцинаның екінші дозасын сол елге бармай тұрып екі апта бұрын салдырған болу керек. Сонымен қатар, екпе салдырған туристер ПТР-тест тапсырып әуре болмайды. Мұндай ереже 20 сәуірден бастап күшіне енді. 

Грузия вакцинацияның екі кезеңінен өткен кез келген елдің азаматтары үшін өз шекарасын ашады. Екпе салдырған туристі бұл елде карантинге жатқызбайды, антидене бары туралы анықтама сұрамайды. Ал 15 мамырдан бастап Алматыдан Батумиге тікелей рейс ашылады және аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) қатынайтын болады. Тбилисиден Алматыға рейстер наурыз айының ортасында ашылған еді. Аптасына үш рет қатынайды - сейсенбі, жұма және жексенбі. 

Сонымен қатар, Қазақстанның үш қаласынан (Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан) Кутаисиге аптасына екі рет рейс бар. 

Грузиямен шекара қашан ашылады?


Кешкі Тбилиси панорамасы. © Shutterstock

Шри-Ланка вакцинацияланған туристерді 19 наурыздан бастап карантинсіз қабылдайды. Шри-Ланка туризмді дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, екпе салдырған туристер келгеннен кейін 24 сағат ішінде жасалған тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік карантиннен босатылады.

"Ағылшын тіліне куәландырылған аудармасы бар вакцинация туралы куәліктің түпнұсқасы туристер келген кезде әуежайда ұсынылуы керек. Келгеннен кейін олар зертханаға арнайы ұйымдастырылған көлікпен жеткізіледі. Нәтиже дайын болғаннан кейін (және теріс болғанда), шетелдіктер қонақүйге бара алады", - деді Шри-Ланка туризм басқармасы.

Қазақстандықтар Шри-Ланкаға бару жағынан әлі көшбасында тұр

Медициналық орталықтан саяхатшылар өз жолымен барады. Жеті күннен соң олар ақылы тест тапсыруы қажет. 


Арыстандар қамалы, Шри-Ланка. © Shutterstock

Сейшел аралдары да коронавирусқа қарсы вакцина туралы куәліктері бар туристерді қабылдайды. 25 наурыздан бастап Сейшел аралдары ПТР-тесті бар барлық туриске шекарасын ашты. Жақында Air Seychelles Дубай халықаралық әуежайынан (DWC) Сейшел аралдарына апта сайын тікелей рейстер қатынай бастады. Яғни қазақстандықтар аралдарға Дубай арқылы ұшып бара алады.

Праслен аралының жағажайы, Сейшел аралдары. @Shutterstock

Черногория Республикасына келгенге дейін кемінде жеті күн бұрын уәкілетті денсаулық сақтау мекемесі берген вакцинация туралы сертификатпен келуге болады. ҚР СІМ хабарлағандай, 2021 жылғы 31 қазанға дейін бұл елмен біржақты тәртіпте Қазақстаннан келген туристер үшін 30 тәулікке дейін визасыз режим әрекет етеді. Азаматтарға кіру кезінде теріс нәтижемен ПТР-тест тапсырғаны туралы анықтама (талдау алынған сәттен бастап рейстің кесте бойынша ұшып келу уақытына дейін 72 сағаттан артық өтпеуі тиіс) ұсынуға болады.

Бірақ бәрі де оңай емес

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, өз кезегінде, бүгінгі күні вакцинация паспорты қазақстандықтарға шет елдерге шектеусіз кіруге кепілдік беретін құжат емес деп түсіндірді.

"Вакцинация паспорты Қазақстан коронавирус бойынша қызыл тізімде тұрған елдерге кіруге рұқсат беретін құжат болып есептелмейді. БАҚ-та вакцина салдырған елдер үшін шекара ашылғаны туралы ақпарат бар, бірақ ресми деңгейде мұндай ереже қабылданған жоқ.

Шетелдегі қазақстандық елшіліктердің ақпараты бойынша, ҚР азаматтары үшін қазіргі уақытта мына елдерге: Австрия, Бельгия, Люксембург, Болгария, Грекия, Дания, Латвия, Венгрия, Норвегия, Португалия, Словакия, Хорватия, Швеция, Эстония, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Вьетнам, Гонконг (ҚХР), Жаңа Зеландия, Жапония, Индонезия, ҚХР, Малайзия, Моңғолия, Сингапур, Таиланд, Үндістан, Филиппин, Израиль, Катар, Оман, Сауд Арабиясы, Сирияға кіре алмайды", - деп жауап берді ҚР СІМ өкілдері.

Мәселен, БАҚ мамырдың соңында Израиль вакцина салдырған және COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылған туристерін қабылдай бастайды деп хабарлады. Алайда қазақстандықтар бұл елге визасыз бара алмайды, ал елшілік виза беру құжаттарын қабылдамайды, өйткені Қазақстан қазір коронавирус бойынша қызыл тізімде.

ЕО елдері туралы айтсақ, БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, Еуропалық Одақ COVID-19 вакцинациясының болуына қарамастан, қазір шетел азаматтарының кіруіне шектеулерді өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Сонымен бірге, ЕО тек медициналық мақсаттарда пайдалану үшін бірыңғай коронавирус вакциналау сертификатын енгізу жоспарын қарастыруда.

Сондай-ақ, Қазақстан СІМ өкілдері пандемия кезінде мемлекеттік шекарадан өту бойынша шектеулер енгізілуіне байланысты ҚР-дағы шетелдік елшіліктерге кіру ережелерімен және виза беру тәртібімен алдын ала танысуға кеңес берді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная