Алматыдан Батумиге 15 мамырдан бастап жаңа рейс ашылады

15 мамырдан бастап Air Astana Алматыдан Батумиге қатынайтын жаңа рейсті іске қосады. Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі мен сенбі сайын Airbus A320 ұшағында Батумиге сапарлап баруға мүмкіндік бар. 

Батуми - адамды батыл әрекетке итермелейтін күн шуақты, жанға жай, азат қала.  Батуми - сапарды бір ай бұрын емес, неғұрлым аяқ-асты жоспарласаңыз, соғұрлым эмоция мен әсерге бай боласыз.

Шағын қала Қара теңізді жағалай 20 шақырымға созылып жатыр. Соның ішінде 6 шақырымы жағажай. Батуми жағажайлары - демалыс уақытын тыныш әрі жайлы өткізу үшін толыққанды жабдықталған заманауи мекен.

Түстен кейін - жағажай, ал кешке ше? Кешкілік міндетті түрде Ескі Батумиге әсіресе Батуми бульварына барғаныңыз жөн. Бұл Батумидің жүрегі - ол жерде сіз әуезді әннің ырғағана салған субұрқақтарын тамашалап, пеликандар мен тауыстарды қоректендіре аласыз. 

Грузияға барып тұрып, жергілікті шараптың дәмін татпау қылмыс болар. Батуми ауасының өзі сезіміңізді қытықтайтын түрлі шарап ноталарымен ойнайтын сияқты. Бұған дәстүрлі грузин қонақжайлығын қоссаңыз, жылдар бойы сақтайтың жағымды сәттерді жасаңыз.

Билет құны барып-қайтуға 131 000₸ және бір бағыты 70 200₸ басталады. Грузияға келген кезде виза талап етілмейді, бұл оны одан әрі тартымды етеді.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.