Вакцина алған қазақстандықтар Таиландқа карантинсіз кіре алады

Вакцина алған қазақстандықтар Таиланд Корольдігіне міндетті карантиннен өтпей-ақ бара алады. Сонымен қатар, виза Таиландқа келгеннен кейін беріледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Таиландтың Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі туристік басқармасының мәліметінше, қазір қазақстандықтарға қолжетімді Sputnik V және Vero Cell вакциналарын Таиланд Денсаулық сақтау министрлігі сертификаттаған. Қазақстандықтар туристік визаны ұшып келгеннен кейін рәсімдей алады. Оның құны 70 доллар (29 815 теңге), осы визамен 15 күнге дейін қала алады.

"Қазақстан халықаралық бағыттар бойынша рейстерді іске қосқан сәттен бастап, біз Таиландты ашу жоспарына қатысты туристер тарапынан ұсыныстар ала бастадық. Енді республика азаматтарының Таиландқа сапарын қайтадан жоспарлай алатынына өте қуаныштымыз. Тағы бір керемет жаңалық: Қазақстан азаматтары визаны елшілікте алдын ала рәсімдемей, оны Таиландқа келгеннен кейін-ақ ала алады", - деді Таиланд Корольдігі елшілігінің Нұр-Сұлтандағы өкілі.

Фото ©Shutterstock

Қазір Таиландта екі туристік бағдарлама бар: "Пхукет құмсалғыш" және "Самуи плюс". Соның арқасында вакцина алған туристер патшалыққа ұшуға дейін кемінде 14 күн бұрын вакцинаның толық дозасын алып, елге кіре алады.

Таиландтың денсаулық сақтау министрлігі  CoronaVac/ Sinovac, Astra Zeneca, Janssen (Джонсон мен Джонсон), Pfizer, Moderna, Vero Cell, Covisheld және Sputnik V вакциналарын сертификаттады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.