Ұшақ бағдаршамға соғылып, тасжолға құлады

АҚШ-тың Техас штатында ұшақ көтеріле бере бағдаршамға соғылып, жолдың ортасына құлады. Оқиғаның видеосын NBC DFW жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға Винни қаласында Техас күріш фестивалі кезінде болған. Видеодан кішігірім ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқанда бағанға соғылып, шоссеге құлағанын көруге болады.

Басылымның мәліметінше, апат кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшқыш жеңіл жарақат алып, сақтық шарасы ретінде дәрігерге жүгінді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!